ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 16 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛАДЫ

 

ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 16 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛАДЫ

         Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталады. Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

         Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

         Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тапсыруы қажет.

         Егер талапкер "Алтын белгі" иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған. Талапкерлердің мұндай жетістіктерінің ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

         Сонымен қатар биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді. Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.

         Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген.

         ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер Ұлттық жоғары оқу орындарына түсе алады. «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына - кемінде 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

Жас мемлекеттік қызметші мектебі құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды!

Жас мемлекеттік қызметші мектебі – өз мақсатыңызға жету үшін алғашқы қадам. МҚМ аясында сіз екі айлық тағылымдамадан өтіп қана ғоймай, тұлғалық даму бойынша оқытудан өтіп, облыстың көшбасшы жастарымен танысасыздар.

Құжаттар 04.06.2021 - 07.07.2021 аралығында онлайн қабылданады.

Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттері, магистранттары мен 29 жасқа дейінгі түлектерін мектепке қатысуға шақырамыз.

Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdtgfZ4WlX_lFcDoaFeRa6Nvj7ardOZQOzLBPrrRLWOINIoVg/viewform

Жас мемлекеттік қызметші мектебі туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс нөмірлері және электронды пошта арқылы ала аласыз.

8 (778) – 152 – 69 – 28 (WhatsApp)

8 (707) – 262 – 37 – 53 (Telegram)

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жас мемлекеттік қызметші мектебінде кездескенше!

 

 

АҚ «Нұрбанк» және АҚ ЕБ «Сбербанкі» өкілдерімен кездесу

АҚ  «Нұрбанк» және АҚ ЕБ «Сбербанкі» өкілдерімен кездесу           

Құрметті студенттер, сіздерді АҚ «Нұрбанк» және АҚ ЕБ «Сбербанкі» өкілдерімен осы қаржы ұйымдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кездесулерге қатысуға шақырамыз. Кездесулер 2021 жылдың 01 және 02 сәуірінде сағат 15: 00-де ZOOM сайтында өтеді:

01 сәуір 2021 ж. АҚ «Нұрбанк» Конференциясының идентификаторы: 750 097 1617

Кіру коды: 12345

02 сәуір 2021 ж. АҚ ЕБ «Сбербанкі» Конференцияның идентификаторы: 772 186 2443                                                                     

Кіру коды: 2020

Хабарландыру!!!

Академик С.З. Зимановтың 100 жылдық мерейтойына арналған " Салық Зимановтың еліміздің қоғамдық және саяси өміріне қосқан үлесі" атты дөңгелек үстел

Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы академик С.З. Зимановтың 100 жылдық мерейтойына арналған " Салық Зимановтың еліміздің қоғамдық және саяси өміріне қосқан үлесі" атты дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел ZOOM платформасында онлайн форматында өткізіледі.
Іс – шараның күні – 2021 жылғы 31 наурыз, іс-шараның уақыты-сағат 16.00.
Конференция идентификаторы: 2031995178 кіру коды 9jfe4e

Барлық ниет білдірушілерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Құттықтайды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Тасболатова Балсұлу Кувандыққызын

Құттықтайды

6D050700 – Менеджмент мамандығы бойынша доктор (PhD) дәрежесімен құттықтайды.

Денсаулық, бақыт, амандық және шығармашылық жеңістер тілейміз.

Құттықтайды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Аяғанова Мейрамгүл Пазылқызын

Құттықтайды

6D050700 – Менеджмент мамандығы бойынша доктор (PhD) дәрежесімен құттықтайды.

Денсаулық, бақыт, амандық және шығармашылық жеңістер тілейміз.

Құттықтайды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Динара Мүслімқызы Салауатованы

Құттықтайды

6D050600 – Экономика мамандығы бойынша доктор (PhD) дәрежесімен құттықтайды.

Денсаулық, бақыт, амандық және шығармашылық жеңістер тілейміз.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL