• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Күміс университет

 «Күміс университет», үшінші жас мөлшеріндегі Университет - халықаралық қозғалыс болып табылады, оның міндеті - Қарт адамдардың қазіргі өмірге сәтті бейімделуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі жетілдіруіне қолайлы жағдай жасау.

 

«Күміс университет» қызметінің мақсаты - аға буынның әлеуметтік белсенділігін арттыру.

«Күміс университеттің» міндеттері:

  • Компьютерді меңгеру дағдыларын жақсарту;
  • Қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру;
  • Шет тілін білуді үйрену және тереңдету;
  • Жас мөлшерлік психологиясын түсіну;
  • Сауықтыру.

         «Күміс университет» жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары, серіктестер, Мемлекеттік мекемелердің мамандары (жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және т.б. басқармалары) жұмылдырылған.

 

«Күміс университетте» сабақтар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

- «Компьютерлік сауаттылық»

- «Құқықтық сауаттылық»

- «Полиглот»

- «Рухани даму»

- «Салауатты өмір салты»

Әрбір бағытқа кіретін пәндердің саны мен құрамы тыңдаушылардың қажеттіліктеріне байланысты болады.

 

Курстардың бағдарламалары:

- «Цифрлық сауаттылық»

- «Эмоционалдық интеллект»

- «Денсаулықты қалай сақтауға және жақсартуға боады»

- «Құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын қамтамасыз ету»

- «Тайм-менеджмент»

- «Электрондық бизнес»

- «Коммуникативтік құзыреттілік»

- «Жаңа бастаушы кәсіпкер»

«Күміс университеттегі» оқыту оқу процесінің бөлек кестесі бойынша жүргізіледі.

Сабақ аптасына 2 рет өткізіледі.

Бір сабақтың ұзақтығы 1 академиялық сағат құрайды.

Бір оқу курсының ұзақтығы 2 айдан аспайды.

Сабақтар кестесі тыңдаушылардың өтініш-тілектеріне қарай жасалады.

«Күміс университет» қызметі бағыттарының саны әлеуетті тыңдаушылардың сұраныстары мен тілектеріне сүйеніп толықтырылуы мүмкін.

Тыңдаушылар тобы 12 адамнан аспайды.

Сабақтар өткізу нысандары: лекциялар, семинарлар, экскурсиялар, тренингтер. Сабақ топ түрінде өткізіледі.

Сабақ форматы күндізгі және қашықтықтан оқыту нысанында.

«Күміс университеттегі» оқу жылы - 1 қазаннан 1 мамырға дейін.

Оқу (курс) аяқталғанда сертификат беріледі.

«Күміс университетке» түсу үшін сіз өтініш толтыруыңыз керек, оны өтінішті жүктеңіз деген келесі сілтемеден жүктей аласыз.

 

Байланыс ақпараты:

Үйлестіруші: Краснощекова Елена

Тел.: 8 7212 44 15 68

WattsApp: +7 775 118 77 77

Мекен-жай: Қарағанды қ., Академическая көшесі, 9 каб. 107

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL