АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ?

       Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушының немесе зерттеуші-оқытушылардың белгілі бір академиялық кезеңге(оқу немесе өндірістік практиканы қоса алғанда), негізінен, семестрге немесе оқу жылына басқа оқу орнына(ел ішінде немесе шет елде) оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін, өз ЖОО-сында кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын міндетті қайта есептеумен орын ауыстыруы.

       Сыртқы(халықаралық) және ішкі(ұлттық) академиялық ұтқырлық бар.

      Сыртқы академиялық ұтқырлық бұл -  білім алушының шет елдегі ЖОО-ларда оқуы, сондай-ақ зерттеуші-оқытушылардың шет елдік білім беру немесе ғылыми мекемелерінде жұмыс жасауы.

      Ішкі академиялық ұтқырлық бұл -  білім алушылардың жетекші қазақстандық ЖОО-ларда оқуы, сондай-ақ зерттеуші-оқытушылардың қазақстандық жетекші ЖОО-ларда жұмыс жасауы.

      Ішкі(Қазақстан ішіндегі) академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың, зерттеуші-оқытушылардың оқу үшін немесе зерттеу жүргізу үшін белгілі бір кезеңде: семестр немесе оқу жылына, игерілген білім бағдарламаларын өз ЖОО-сында кредиттер түрінде міндетті қайта есептеумен немесе оқуын жалғастыру үшін Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына орын ауыстыруы.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

 

     Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша құжаттар шақырушы тараптың талап-тілектерін ескере отырып дайындалады. Міндетті құжаттар болып мыналар саналады:

1) Білім алушының өтініші;

2)Білім алушының келісімі;

4) Үшжақты шарт;

5) Ұсыным хат(деканның, кафедра меңгерушісінің, куратордың  қойылған қолымен);

6) Транскрипт;

7) Жеке оқу жоспары;

8) Медициналық анықтама (№086У үлгідегі);

9) жеке бас куәлігінің 2 көшірмесі;

10) 2 фото (өлшемі3*4);

11) 2 файл.

 Академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша хабарласуға болады:

  1. Сыртқы академиялық ұтқырлық

Халықаралық бағдарламалар және жобалар Орталығы Шукушева Елена Викторовна,

каб.268, тел. 44-16-34 (ішкі141).

  1. Ішкі академиялық ұтқырлық - Академиялық даму департаменті

Укубаева Альфия Шайкисламовна,   каб.391,тел.44-16-34 (ішкі.138).

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL