Түлекке

Жұмысты іздеу процесінің кезеңдері

  1. Мақсатты анықтау
  2. Жұмыс орнын таңдау
  3. Түйін жазу
  4. Жүздесу, сұхбат
  5. Кеңестер

Мақсатты анықтау

Байсалды компанияларға өз алдына мақсат қоя алатын кәсіпқой, өмірден не алғысы келетін жас мамандар қажет. Сондықтан, жұмысты іздеуден бұрын, дәл не іздеп жатқандарыңызды анықтап алыңыз!

Жұмыс орнын таңдау

-   Кадрлық агенттіктер

-   Жұмыспен қамту орталықтары

-   Баспасөз (газеттегі хабарландырулар)

-   Ғаламтор

-   Жұмысты таныс арқылы іздеу

-   Өзіндік іздеу

Кадрлық агенттіктер

-   Elite personnel company (Б.Жырау, 20, кеңсе 109, тел. 41-91-30)

-   Жылжымайтын мүлік пен жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттік (КМС, каб. 17, тел.41-15-03, 74-63-09)

-   КО «Профессионал» (Можайский, 12, кеңсе 307, тел. 49-58-26)

-   «Персонал» (Можайский, 13, кеңсе 416, тел. 42-49-42)

-   КО «Профессионал» (Муканова, 18а, кеңсе 7, те. 74-68-86)

-  Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттік (Б.Жырау, 66, кеңсе 207, 42-52-56)

Баспасөз (газеттегі хабарландырулар)

• «ТХГ» (тегін хабарландырулар газеті)

• «Из рук в руки»

• «Реклама»

• «Авиатрек»

• «Индустриальная Караганда»

• «Казахстанская правда» және т.б.

Жұмысқа орналастыру жөніндегі ақпараттық сайттар:

www.karyera.kz

www.karierist.kz

www.rabota.kz

www.cvbank.biz

www.jf.kz

www.job.ru

www.job.ms

www.joblist.ru

www.jobtop.kz

www.k-plus.kz

www.staff.kz

www.headhunter.com.kz

www.job.azion.kz

www.superjob.ru

www.kazakjob.kz

www.recruitment.kz

www.works.kz

www.kz.superjob.ru

ТҮЙІН

Абильдин Данияр Муратович

(үлгі)

Туған күні, жылы, айы:

16.10.1983 ж.

Мекен жайы:

Ермекова көш. 46, п. 18.

Телефон:

(7212) 75 45 26 ұ.т.: 8 705 333 22 55.

Эл. пошта:

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Отбасылық жағдай:

бойдақ

Түйінді беру мақсаты:

Нотариус көмекшісі бос лауазымын іздену

Білімі:

Жоғары, 2000-2004 жж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, факультет: «Бизнес және құқық факультеті», «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік диплом.

Өндірістік тәжірибеден өту:

Өндірістік тәжірибе «Юрист» нотариалдық кеңсесінде 20.03- тен 10.04.2003ж. өтілді; диплом алдындағы тәжірибе16.01-ден 20.02.2004ж. Қарағанды облысы Әкімі аппаратында өтілді

Қосымша ақапарат:

Іс жүргізу; компьютерWindows бағдарламалар пакеті (Word, Excel, Power Point, Internet Explorer)- жетік; тілдер: қазқша, орысша - жетік, ағылшыншаортадан жоғары; курстар: компьютер – 2002ж., ағылшын тілі – 2002ж. университетпен өткізілген дебат және дөңгелек үстелдерге қатыстым .

Жеке қасиеттері:

белсенді, жайдары, ықыласты, топ ішінде жұмыс істей аламын

Қызығушылықтар:

спорт, кітап оқу, Internet.

Кепілдеме:

Қажет болған жағдайда «Экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу» кафедра меңгерушісінен мінездемемен қамтамасыз ете аламын

ҚАЛАЙ БОЛАШАҒЫ ҮЛКЕН ҮМІТКЕРГЕ АЙНАЛУҒА БОЛАДЫ

Сіз университетті аяқтап, алдағы уақытта жұмысқа орналасып, еңбек еткіңіз келеді. Сонда кіммен және қайда барып жұмыс істеген дұрыс, қандай бағытта даму қажет, жас маман жұмыс берушіні қалай қызықтырып, назарын өзіне аударта алады? Уақытты бос өткізіп жоғалтқысы келмеу, өзін сынап көру мен қателіктер арқылы іс-қимыл жасасам деген ойлар тағы бар. Шынында да, осы сұрақтарға дұрыс жауап табу аса маңызды. Ал жақсы жұмыс дегеніміз не? Жұмысты таңдау өмірлік мән-жағдайлармен, ЖОО-ның бейінімен және беделімен, жоғары жалақымен ғана анықталмауы тиіс екендігінен бастап көреміз. Сіз жұмыс жасап, еңбек жолыңызды бастай отырып қуаттың үлкен зарядын сезінетін боласыз және бұл бірінші кезеңде қиындықты жеңіп, нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Сондықтанда бұл аса маңызды. Дұрыс таңдап алған жұмыста:
• сіз жұмысқа келген кезде ешқандай моральдық азап шегу, қиналуды бастан кешірмейсіз;
• жұмсаған күшіңіздің орны тез қалпына келеді;
• сіз өзіңіздің жұмысыңызды қызықты, маңызды деп санайсыз, ол жайлы достарыңыз бен таныстарыңызға үлкен мақтаныш сезімімен айтатын боласыз;
• сізге сол іспен айналысатын адамдар ұнайтын болады;
• сіз оқуға, кәсіби дамуға дайынсыз және келешегіңізге сенесіз:
Бірақ жаныңызға қалаған жұмысты табу үшін, өзіңіздің қалауыңыз бен бейімділігіңізді анықтауыңыз қажет.Осыдан кейін ғана барып жұмыс іздеуге кірісесіз. Сіз таңдап алған жұмыс өзіңізге жақсы серік бола алатындығы туралы барынша толық түсінік алу үшін өзіңізді және болжанатын мамандықты (кәсіпті) зерделеп, зерттеп, келесідей алты қадам жасаңыз.
1-ші қадам. Сіздің уақытыңызды бәрінен көп не алатынын анықтаңыз. Бұл – кітап және газет оқу, оның ішінде өзіңізді қызықтыратын тақырыпты оқу, музыка, спорт, техника, әлде бір материалдардан бұйым жасай білу, саяхат жасау, бизнес, ғылым, және т.б. болуы мүмкін. Сіз достарыңызға қарағанда өзіңізді не қызықтыратынын білетіндігіңізді есте ұстау маңызды болып саналады.
2-ші қадам. Сіз үшін олардың жақсы атқарылатынын анықтаңыз, ол үшін дағдылар мен қабілеттер тізімін дайындап, неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеңіз. Осы тізімнен өзіңізді қызықтыратын ең күшті 5-7 саланы белгілеңіз. Сіз, оқудағы немесе бұрынғы жұмысыңыздағы тәжірибемен шектелмей, өз өміріңіздің нақты мысалдарына міндетті түрде сүйеніп, соған тірек жасауыңыз тиіс. Бұл тізімге мысалы, ойды жазбаша баяндай білу, жұртшылық алдында сөз сөйлеу, сендіре біліп командада жұмыс жасау арқылы өзінің ісіне риза ету, оқытып-үйрету, кеңес беру, өзгелердің жұмысын үйлестіру, адамдармен тез және оңай танысу, цифрлармен жұмыс жасап, ақпарат жинау, есептерді шешу, компьютерде жұмыс жасау, құралдар, машиналар, олардың қалай жұмыс істейтінін білу және бөлшектерді есте сақтай білу, дәлдік пен ұқыптылық, эстетикалық сезім, шығармашылықпен ойлау, тәртіптілік, жоспарлау, кикілжіңді шешу қабілеті кіруі мүмкін.
3-ші қадам. Сіз өзіңіз үшін – ең бастыларынан бастап ең елеусіз жақтарына дейін мінсіз деп санайтын, жұмысқа қоятын өзіңіздің талабыңыздың тізімін жасаңыз. Мысалы: «Маған ұнайтын жұмыс жаңа идеалар ойлап табу мүмкіндігін береді. Мен сапалы тауар өндіре аламын немесе сапалы қызмет көрсете аламын. Менің беделім мен әріптестерімді мойындау мен үшін маңызды. Өз уақытымды және жұмыс орнымды өзім ұйымдастыруға, үдерісті де, нәтижені де өз бетіммен бақылауға мүмкіндік береді. Жұмыс дәл жоспарлауды қажет етпейді және асығыссыз орындалады» деп болжайсыз. Немесе басқа бір мысал: «Маған ұнайтын жұмыс менен үлкен бақылаушылықты қажет етеді және деректерді жақсы, сондай-ақ егжей-тегжейлі есте сақтау қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде нәтижелерге бағытталған дәстүрлі, тұрақты, ретті құрылымдар шеңберлерінде орындалады. Жұмыста белгіленген тәртіпті сақтау, өмірлік тәжірибені пайдалану және барлық жұмысты мұқият, сондай-ақ ұйымдасқан түрде аяғына дейін жеткізу қажет».
4-ші қадам. Сіз үшін қызығушылық туғызатын мүмкін кәсіптің немесе жұмыстың тізімін жасаңыз. Сіз өзіңіздің білігіңіз бен қасиеттеріңіздің қайсысын көрсете аласыз?
5-ші қадам. Сізді қызықтыратын мамандықтар туралы мүмкіндігі болғанынша көбірек білуге тырысыңыз. Ол туралы журналдардан, газеттерден, интернет-сайттардан көбірек оқыңыз. Осы мамандық бойынша жұмыс істеп үлгерген адаммен танысып, сөйлесіңіз. Мамандықтың жақсы және осал жақтары туралы сұрап біліңіз. Осы мамандық бойынша адамның қызмет сатысымен өсуін қалай дамытуға болатынын көз алдыға елестетіп көріңіз. Сіз олардың ортасында көп жылдарыңызды өткізуге дайынсыз ба?
6-шы қадам. Егер сіз осы уақытқа дейін мықты және осал тұстарыңыз туралы көз алдыға елестете алсаңыз, атап айтқанда, мысал үшін, қаржы аналитигі, маркетинг бөлімінің маманы немесе сату бөлімінің қызметкері міндетін қалай атқара алатыныңызды ойланып көріңіз. Осыдан кейін жұмыс берушіні таңдауға кірісуге болады. Жалпы үдерістің жекелеген операциялары сізге жүктелуі мүмкін ірі корпорацияларға қарағанда шағын компанияның міндеті көбінесе алуан және көп жоспарлы болады. Сізге олардың қайсысы жақын екенін өзіңіз шешіңіз. Сонда бұл жұмысты қалай алуға болады? Сіз: «Айталық, сізбен біліктілігі шамамен бірдей төрт адам бар. Сіз олардан қалай өзгешеленесіз, неге, сіздің түйіндемеңізді қарап шыққан жұмыс беруші, атап айтқанда әңгімелесуден өткізуге неге сізді шақыруы тиіс?» – деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз. Осы алты қадам жұмыс берудің дайындық кезеңіне жатады және егер сіз қойылған сұрақтардың бәріне жауап берсеңіз, онда түйіндеме дайындау кезінде өзіңіздің кәсіби қызығушылық аяңызды дәл анықтаудың сәті түседі. Сол уақытта әлеуетті жұмыс беруші сізбен сұхбатының қорытындылары бойынша: «Кемеліне келген, алдына мақсат қойып, қажетті ақпаратты таба біледі. Әзірге тәжірибесі жоқ, бірақ іс негізі бойынша берілген сұрақтарға жауаптарды дұрыс қайтарады. Кәсібі және біздің компания туралы көбірек біледі. Келешегі бар үміткер» деп жазады.

КОМПАНИЯЛАРДА БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ ОРЫН АЛАТЫН, ЖАС МӨЛШЕРІ 22-ДЕН АСҚАН, СОНДАЙ-АҚ КЕЛЕШЕГІНЕН ҮМІТ КҮТТІРЕТІН МАМАНДАРҒА АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР:

1.Ауызекі сөйлесеңіз де, шет тілін үйреніңіз. Қазір ағылшын тілі кез келген жағдайда міндетті болып саналады, сонымен қатар мүмкіндігінше, екінші тілді – неміс, француз немесе қандай да бір басқа тілді білген дұрыс.
2. Біліктілігіңізді арттырыңыз – таңдап алған мамандық бойынша тренингтерден, семианрлардан өтіңіз.Кәсіби қосымша білім әрқашанда қажет, бірақ оқытушы бағдарламаларды зер салып таңдаңыз – аздау үйретсе де, өзін нарықта көрсеткен сенімді мектептер болсын. Тұтастай алғанда шектес салалардан алған білім де қажет, бірақ басымдықтарды дәл анықтап, өз орнына қойған дұрыс.
3. Өзіңіздің имиджіңізбен, өзіңізді-өзіңіз таныстыру дағдыларыңызбен, сендіре білумен және келіссөздер жүргізе білумен жұмыс жасаңыз. Кез келген жағдайда қай жерде жұмыс жасасаңыз да адамдармен жұмыс жасауға тура келеді, сондықтан бұл дағдылардың сізге қажет болатыны сөзсіз. Сондай-ақ мансапқа ие болу үшін, жаңа жұмыс берушіге бола ма, қазіргі бастыққа ма, не өзіңіздің жаңа командаңызға бола ма, өзіңізді «сата білуіңіз» қажет. Бұл жерде тағы да өзіңізді-өзіңіз таныстыру дағдылары қажет болады.
4.Табысты адам әдетте санқырлы. Қызықты әуестігіңіз (хобби) жұмыстан кейін шаршағаныңызды ұмытуға, өмірлік тонусты көтеруге көмектеседі және тиісінше, сізді неғұрлым өмірге деген, жұмысқа деген сеніміңізді арттырып, өзіңізді жарқын етеді және табысқа жетуші адам жасайды.

ӘҢГІМЕЛЕСУДЕН ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ ӨТУГЕ БОЛАДЫ

Ақпараттық барлау жүргізіңіз
Егер белгілі нақыл сөзді еске түсірсек, онда: ақпаратқа кім иелік етсе, әңгімелесуден өту кезінде сол билік етеді деп айтуға болады.
Офиске барудың алдында:
• сіз кіммен: бастықпен, кадрлар бөлімінің жетекшісімен немесе оның қатардағы қызметкерлерімен әңгімелесетініңізді;
• сұхбаттың форматын (топпен немесе жеке, сұрақ-жауап немесе өзін-өзі таныстыру);
• дресс-кодты және өзіңізбен бірге болуы тиіс заттарды (құжаттарды, гаджеттерді және басқаларды);
• әңгімелесу өткізілетін жерге дейін қалай жетуге болатынын (кешігуге болмайтынын) біліңіз.
Сізге: компанияның сайты немесе офиске телефонмен хабарласу жоғарыда айтылғандарды анықтауға көмектеседі.
Осындай үлгідегі сұрақтарға жауаптар картасын жасаңыз
Жұмысқа орналасу кезіндегі сұхбат біртипті және бірмезгілде бір-біріне ұқсамайды. Жұмысқа орналасамын деп келген үміткерге жұмыс беруші оны сүріндіру үшін, күтпеген жерден дауыс көтеріп, айқайлай бастайтын, стрестік әңгімелесуден өткізулер туралы көп естуге болады.
Сондай-ақ case-сұхбат қолданылады: үміткерді қандай да бір мән-жағдаймен жолықтырады (мысалы, риза емес клиентпен сөйлестіру) және оның проблемаларды қалай шешетінін бақылайды.
Қандай да бір команияның әңгімелесуден өткізудің қандай типіне артықшылық беретінін анықтаудың әрқашан сәті түсе бермейді, сондықтан барлығына дайын болу қажет.
Бұл үшін типтік сұрақтар мен өтініштерге (ондай сұрақтар 99,9% жағдайларда қойылады) жауаптары бар карта жасаңыз:
• сіздің басты артықшылықтарыңыз топ-5;
• сіз қай жағынан жақсысыз;
• өзін-өзі дамытудың стратегиялық бағыты;
• сіздің өмірлік және жұмыстағы философияңыз;
• сіздің қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттарыңыз;
• сіздің шешуіңізге тура келген үйреншікті емес міндеттер.
Сондай-ақ персонал жөніндегі менеджермен талқылағыңыз келетін тақырыптар тізбесін ертерек дайындаған дұрыс.
Жалдаушының сұрақтарын түсіндіру
«А» әрқашанда «А»-ны білдірмейді, ал екі жердегі екіңіз әрқашанда төрт емес. Рекрутерлер жиі түрде жаңылыстыратын сұрақтар қояды, онда қарапайым сөз астарында қулық жасайтын жоспар жасырынып жатады, сөйтіп, жұмысқа тұратын үміткерді көбірек сөйлеуге, айтуға мәжбүрлейді.
Қарапайым сұрақ: «Сіз қандай жалақы алғыңыз келеді?». Бірақ жауап сұхбат алушыға сіздің уәждемеңізді (ынтаңызды): ақша, әлеуметтік кепілдіктер, жұмыс кестесі және тағы басқаларды түсінуге көмектеседі. Егер сізден, басшылықпен сіздің араңызда кикілжің болды ма және оларды сіз қалай шештіңіз деп сұраса, онда, HR-менеджердің, ең алдымен, жауапкершілікті өзіңізге алуға бейім екеніңізді немесе жауапкершілікті басқа адамның иығына артуға үйренгеніңізді білгісі келгені.
Қулық жасайтын сұрақтар өте көп. «Оның тұңғиық екі түбін» көре білу қажет (фанатизмсіз!).
Өзіңіздің вербальдық емес мінез-құлқыңызды ойластырыңыз
HR-менеджерлер – автоматтар емес, адамдар. Олар, барлық басқа адамдар сияқты вербальдық емес белгілерге: сыртқы әлпетіне, ишараға, жүріс-тұрысына, қимылына және басқа нәрселерге назар аударады. Тәжірибелі кәсіби маманға, ол өзін дұрыс ұстамағандықтан ғана, жұмысқа алудан бас тартуы мүмкін.
Дене қимылыңыздың тілін алдын-ала ойластырыңыз. Егер қобалжудан сіз аяғыңызды қозғалта берсеңіз, аяғыңызды бірінің үстіне бірін салып, айқастырып отырыңыз. Егер саусақтарыңызбен үстелді ұрып, тықылдата берсеңіз, қолыңызға бірдеме, мысалы, шарлы қалам ұстап отыруға тырысыңыз.
HR-менеджерлер – автоматтар емес, адамдар. Олар, сіздің қобалжып отырғаныңызды түсінеді. Бірақ вербальдық емес қарым-қатынастағы табиғилық сізге деген сенімді арттырады.
Кейбір тақырыпқа «тұспалдап түсіндіруді» жүзеге асырыңыз
«Өзіңіз туралы айтыңыз», – деп сұрайды сұхбат алушы, «Мен 1991 жылы 23 сәуірде дүниеге келдім. (жұлдызнама бойынша Торпақ). Содан кейін университетті аяқтадым...» – егер жұмысқа тұрушы үміткердің әңгімесі шамамен осылай, өзінің құлағын көрмейтін сияқты, лауазымды да анық біліп тұрмағаны байқалады.
Сізді ешқандай түрде кәсіби маман ретінде сипаттамайтын, жұмыс берушіні мүлде қызықтырмайтын жайлар бар. Келтірілген мысалда бұл – туған жылы ( оны түйіндемеден оқуға болады), жұлдызнама белгісі және спорттағы жетістіктер.
Өзіңіз үшін «тұспалдап түсіндіру» қажет болатын мынадай тақырыптар бар:
• түйіндемені қайта айту;
• жеке өмірлік мақсаттар (үй сатып алу, балалы болу және т.б.);
• компания мен оның қызметкерлерінің бет-бейнесі мен беделі;
• алда атқаратын жұмысына қатысты емес дағдылар мен тәжірибе (тамақты жақсы дайындаймын, сантехниканы жақсы білемін және т.б. осыған ұқсас жайлар);
• құзіретті(білікті) еместігін көрсететін сәтсіздіктер.
Сондай-ақ сіз жоспарды қалай жасайтыныңызды, не туралы айтқыңыз келетінін жазыңыз және елемеуге болатын тақырыптарды есте ұстаңыз. Сонымен қатар, бұл туралы егер сізден қалай болғанда да сұрай қалса, дұрыс, әдеппен қалай жауап беруге болатынын ойланыңыз.
Көңіліңіз орнына түсіп, тыныштану үшін, сырттай пайымдаңыз
Әңгімелесуден өту – жүйкені жұқартатын іс. Іскерлік сапаны көрсетуді айтпағанда, өзіңнің есіміңнің кім екенін ұмытып қалуға болады. Көңіліңіз орнығу үшін, жан-жағыңызға, айналаңызға қараңыз. Офисті, техниканы, қызметкерді байқап қарап көріңіз. Олардың егжей-тегжейін білу көп нәрсені айтып береді, ал оларды талдау жүйке жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Фирмаға және келешекте бірге жұмыс істейтін әріптестеріне сыни көзқарас өзінің маңыздылық сезімін арттыруы мүмкін. Мынаны естен шығармаңыз: сіз жақсы жұмысқа орналасқыңыз келетіні сияқты, компания да жақсы жұмыскерді (қызметкерді) қажетсінеді.
Бастаманы өз қолыңызға алыңыз
Әңгімелесуден өткізу кезінде, негізінен, сұхбат алушы мен сұхбат беруші орындарымен алмасады және жұмысқа тұруға үміткердің өзін қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндігі пайда болады.
«Сіз маған өзіңіз қоңырау шалыңыз немесе мен сізге қайта қоңырау шалайын ба?», «Неге бұл позиция ашық?» деген сияқты пайдасыз сұрақтарға уақытыңызды жоғалтпаңыз. Өзіңізді бастамашыл қызметкер ретінде көрсетіңіз. Сіз:
• Компанияның қандай дабір проблемасы бар ма? Сіз қалай ойлайсыз, мен сізге немен көмектесе аламын?
• Осы лауазымға дәл келетін мінсіз үміткерді сіз көз алдыға қалай елестете алатыныңызды сипаттап бере алар ма едіңіз?
• Біздің компанияда кім жұмысын бастаса, сіз оған қандай кеңес бере алар едіңіз? – деп сұраңыз.
Осы айтылған кеңестерден кейін сізді әңгімелесуден өтуге дайындап, жұмысқа орналасуға деген мүмкіндікті арттыру қажет.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL