Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті (ҚЛСТФ)
| ҚЛСТФ ДЕКАНАТЫ | ҚЛСТФ КАФЕДРАЛАРЫ |
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультеті 1966 жылдан бастап білім беру қызметтері нарығында жұмыс істеп келеді. Есеп-қаржы факультетінің тарихы 1968 жылдан бастау алады, ол кезде факультет ҚазКооператив институтының негізгі құрылымдық бөлімшесі болған экономика факультетінен бөлініп шықты.
Факультет экономика саласының әртүрлі бағыттарында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлайды. Біздің түлектер Қазақстанда да, шетелде де табысты еңбек етіп жүр. Жоғары кәсіби дайындық заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Әр жылдары факультетті дамуына елеулі үлес қосқан декандар басқарды: Акимбеков С.А. (1966–1968), Харченко И.И. (1968–1970), Шумеков З.Ш. (1970–1981), Куанышев С.С. (1981–1988 және 1990–1997), Жакупов Г.С. (1988–1989), Карашолаков С.А. (1989–1990), Алмажанов Е.А. (1995–2005), Накипова Г.Е. (2005–2006), Кудайбергенова С.К. (2006–2008), Накипова Г.Е. (2009–2017), Серикова Г.С. (2017–2025).
2025 жылғы қыркүйектен бастап факультеттің деканы – Мусипова Л.К.
Факультет құрамында бес кафедра жұмыс істейді: «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Маркетинг және логистика», «Қаржы», «Цифрлық инженерия және IT-аналитика», «Жоғары математика».
Оқыту бағдарламалары:
- 6B04103 – Есеп және аудит
- 6B04104 – Қаржы
- 6B04106 – Маркетинг
- 6B11303 – Логистика
- 6B06101 – Ақпараттық жүйелер
- 6B06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- 6B06103 – IT-аналитика
- 6B06104 – Цифрлық дизайн және мультимедиа
- 6B04109 – Цифрлық экономикадағы қаржылық технологиялар
Біз әлеуметтік желілердепіз
Құрметті талапкер!!!
Университетке түсу – әрбір адамның өміріндегі маңызды қадам, жаңа мүмкіндіктерге, жаңалықтарға және кәсіби өсуге жол ашатын кезеңнің бастауы. Осы сәттен бастап Сіз жаңа мәртебеге – студентке ие боласыз, және біз Сізді Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультетінде қарсы алуға қуаныштымыз.
Бірінші күннен бастап біз жаңа академиялық ортаға бейімделу үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Факультет басшылығы, кураторлар мен оқытушылар Сізге қажетті қолдау көрсетуге, сұрақтарға жауап беруге және оқу процесіне бағыттауға дайын.
Бірінші курста ерекше көңіл гуманитарлық негізге аударылады, ол кейіннен бейіндік пәндерді меңгеруге берік іргетас болады. Негізгі мақсат – Сізді тиімді оқуға, уақытыңызды дұрыс ұйымдастыруға және қойылған мақсаттарға сенімді түрде жетуге үйрету.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы – тәжірибелі, практикалық бағыттағы мамандар. Олардың қолдауы арқасында студенттер өз жолын тауып, кәсіби болашақтарын айқындайды.
Сонымен қатар студенттік өмір жарқын оқиғаларға толы: қоғамдық, спорттық және мәдени шараларға қатысу, бастамаларды жүзеге асыру, көшбасшылық қабілеттерді дамыту.
Біздің факультеттегі оқу – Сіздің кәсіби әрі тұлғалық жетістігіңізге бастайтын маңызды баспалдақ болатынына сенімдіміз.
Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультетінің достық академиялық отбасына қош келдіңіз!
Ізгі ниетпен, Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультетінің деканы
Мусипова Лэйля Камаровна
Мекен-жайымыз -.Академическая көшесі, 9
- 280 каб.- декан
- 282 каб. – декан орынбасарлары
- 283 каб. - хатшы
Тел.: (87212) 44-16-29 (ішкі.130) - декан; ішкі 163 – декан орынбасарлары;136 – хатшы.
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.







