Хабарландыру


Хабарландыру
Хабарландыру

«KarIMUN - 2026»: Қарағанды Халықаралық БҰҰ Моделі 2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Қарағанды қаласында

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде бизнес, құқық және технологиялар факультеті ұйымдастыратын I Қарағанды Халықаралық БҰҰ Моделі - «KarIMUN - 2026» өтеді. «KarIMUN - 2026» - бұл студенттерге арналған ауқымды рөлдік ойын және ғылыми конференция. Қатысушылар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми өкілдері ретінде жаһандық мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсынады

Бейнені көру

Скачать этот файл (INFORMATION LETTER – KarIMUN 2026 MODEL.docx)INFORMATION LETTER – KarIMUN 2026 MODEL.docx 453 Кб
Скачать этот файл (ИНФОРМАЦИОННОЕ_ПИСЬМО_МОДЕЛЬ_KarIMUN_2026.docx)ИНФОРМАЦИОННОЕ_ПИСЬМО_МОДЕЛЬ_KarIMUN_2026.docx 525 Кб

Қатысушылар:

  • өз елінің ресми ұстанымын қорғайды;
  • пікірталастарға қатысады;
  • резолюцияларға дауыс береді;
  • дипломатиялық келіссөздер жүргізеді.

«KarIMUN – 2026» комитеттерінің күн тәртібі:

БҰҰ Бас Ассамблеясы

Жұмыс тілі: орыс тілі

Тақырыбы: заманауи технологиялық дәуірдің жаңа геосаяси жағдайларында қарулану жарысының алдын алу

Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ECOSOC)

Жұмыс тілі: орыс тілі

Тақырыбы: дамушы елдердегі кедейлікпен күрес және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру

Саяси және деколонизация мәселелері жөніндегі арнайы комитет

Жұмыс тілі: ағылшын тілі

Тақырыбы: деколонизация және өзін-өзі анықтау мәселелері (Батыс Сахара, Фолкленд аралдары, Гибралтар)

Қатысу тәртібі

  1. Сілтеме арқылы тіркелу: https://forms.gle/BMY3U6Z9GH2se7WS9
  2. Сарапшылар материалдарымен танысу (7-9 сәуір);
  3. 2 күн ішінде тезистерді жіберу;
  4. Комитет чатына қосылу;
  5. Ел атынан позициялық баяндама дайындау.

Қатысу офлайн және онлайн форматта қолжетімді

Telegram: https://t.me/KarIMUN2026

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL