• Blog news

«Эразмус+» стипендиялық бағдарламасы аясында Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде оқуға өтінім қабылдаудың басталуы

«Эразмус+» стипендиялық бағдарламасы аясында Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде оқуға өтінім қабылдаудың басталуы

Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы «Эразмус+» бағдарламасы бойынша студенттік академиялық ұтқырлық конкурсына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Болгария Республикасының София қаласындағы Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу «Эразмус+» бағдарламасы мен Әулие Климент Охридски атындағы София университеті белгілеген критерийлерге сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті тарапынан жүргізіледі. Іріктеудің негізгі критерийлері – жоғары академиялық үлгерім және ағылшын тілін В2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру.

Конкурсқа қатысуға бағыттаушы университетте кемінде екі семестр оқыған студенттер жіберіледі.

 

Спорт, білім және ғылым: университетте халықаралық конференция өтті

Спорт, білім және ғылым: университетте халықаралық конференция өтті

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Білім беру саласындағы спортты дамытудың негізгі қағидалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілу алаңына айналды.

Конференция жұмысына Санкт-Петербург қаласындағы П.Ф. Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік университеттің ғылым докторлары қатысып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 450-ден астам спорт саласының мамандарын оқытты.

Іс-шара барысында мамандардың біліктілігін арттыру, инновациялық білім беру және ғылыми-сауықтыру технологияларын енгізу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция аясында төмендегі ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:

  • Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті мен ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы;

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті мен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері.

Университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Еркара Балқараұлы Аймағамбетов осындай іс-шаралар ғылым, білім және спорт арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ спорттық менеджмент, спорттық медицина және психология салаларында білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін жағдай жасауға ықпал ететінін атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында жаңа микробіліктілік бағдарламаларын ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бастама спорт саласы үшін отандық кадрларды даярлауға және Қазақстан Республикасында спортты дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

CirculEC жобасын іске асыру жалғасуда: серіктестердің кездесуі Ташкентте өтті

CirculEC жобасын іске асыру жалғасуда: серіктестердің кездесуі Ташкентте өтті

CirculEC жобасы Консорциумының келесі мониторингтік кездесулер сериясы ЕО қаржыландыратын Erasmus+ ЖОО әлеуетін арттыру бағдарламасы аясында Өзбекстанда (Ташкент) Международный Вестминстерский университет в Ташкенте және Central Asian University базасында өтті.

Жоба серіктестері Өзбекстан университеттерінің бакалавриат, магистратура және өмір бойы білім алу (LLL) бағдарламаларына тұйық циклді экономика қағидаттарын енгізуді талқылап, бағалады, сондай-ақ аймақтың орнықты дамуы мен «жасыл» трансформациясына қажетті мамандарды даярлауда серіктес жоғары оқу орындарының рөлін қарастырды.

Іс-шараға аймақ және Еуропа университеттерінен 50-ден астам оқытушы мен сарапшы қатысып, тұйық циклді экономика қағидаттарын білім беру бағдарламаларына интеграциялау бойынша ілгерілеуді бағалады. Қатысушылардың арасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жобалық тобы да болды. Университеттің жобаға қатысуы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және тұрақты даму мен жасыл технологиялар саласындағы жаңа буын мамандарының құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдағы мониторингтік сапарлар сериясы Тәжікстан университеттерінде (Душанбе) өтеді.

Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті

Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі салық жүйесін ауқымды реформалау кезеңін айқындап отыр. Бұл реформа әділдікті, ашықтықты және цифрлық тиімділікті арттыруға бағытталған. Осыған орай, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және жаңа салық мәдениетін қалыптастыру ісіне белсенді атсалысуда.
Университеттің өңірдің тұрақты дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау миссиясын іске асыру аясында «Қаржы» кафедрасы 2025 жылғы 9 қазанда «Қазақстан Республикасының Салық кодексі – 2026: негізгі өзгерістер» атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Зауреш Қанатқызы Жойкимбекова баяндама жасап, жеке және заңды тұлғалардың салық салуына қатысты негізгі жаңалықтармен, цифрлық құралдарды енгізу мен бизнестің әкімшілік жүктемесін азайту шараларымен таныстырды.
Қатысушылар жаңа кодекстің тәжірибелік қолданылуы мен оның кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметіне әсерін талқылады.
Іс-шара студенттер мен оқытушылардың кәсіби білімін кеңейтіп, өзекті құзыреттерін дамытуға және елдің салық саясатына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде

Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде

2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде жаңа қабылданған оқытушыларға арналған кіріспе онбординг-іс-шарасы өтті. Іс-шараны Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқытушының кәсіби қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылатын оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Университеттің негізгі ақпараттық-білім беру платформаларымен – Platonus, DMS – жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ оларды оқу қызметін жоспарлау және есепке алу құралы ретінде пайдалану жолдары қарастырылды.
Жеке бөлімде ҚР ҒжБМ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, университеттің ішкі нормативтік құжаттары – ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтары түсіндірілді. Оқытушылар тек ақпарат алып қана қоймай, білім беру процесіне тезірек қосылуға көмектесетін практикалық ұсынымдар да алды.
Іс-шараға университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері қатысты: Бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау орталығы, Академиялық дамуды басқару департаменті, Азаматтық қорғаныс штабы, сондай-ақ Студенттермен жұмыс департаменті.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі онбординг бағдарламасы жаңа қызметкерлердің кәсіби қызметке оңай бейімделуіне, академиялық орта мен корпоративтік мәдениетке сәтті кірігуіне бағытталған. Мұндай іс-шаралар тиімді оқытушылар құрамын қалыптастыруға, білім беру процесінің сапасын арттыруға және университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL