«Эразмус+» стипендиялық бағдарламасы аясында Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде оқуға өтінім қабылдаудың басталуы
Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы «Эразмус+» бағдарламасы бойынша студенттік академиялық ұтқырлық конкурсына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Болгария Республикасының София қаласындағы Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеу «Эразмус+» бағдарламасы мен Әулие Климент Охридски атындағы София университеті белгілеген критерийлерге сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті тарапынан жүргізіледі. Іріктеудің негізгі критерийлері – жоғары академиялық үлгерім және ағылшын тілін В2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру.
Конкурсқа қатысуға бағыттаушы университетте кемінде екі семестр оқыған студенттер жіберіледі.





