2025 жылғы 20 қарашада Қарағанды тұтыну одағы университетінде «Адам факторы мен жасанды интеллект: еңбек нарығында кім басым болады?» тақырыбында студенттік дебат өтті. Іс-шара Кәсіптік бағдар және жұмысқа орналастыру фестиваліне дайындық аясында ұйымдастырылды. Дебатқа белсенді студенттер қатысып, келешектің негізгі сұрақтарын талқылады: - кәсіби қызметте адамның рөлі сақтала ма, - әлде жасанды интеллект негізгі бәсекелеске айнала ма? Талқылау барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру, басқару, қызмет көрсету, креативті салалар және мемлекеттік секторға әсерін саралады. Сонымен қатар, адамға тән басты құзыреттер — сыни ойлау, эмоциялық интеллект, этика, бейімделгіштік және коммуникацияның маңыздылығы атап өтілді. Жюри студенттердің дайындық деңгейін, пікірталас жүргізу мәдениетін және дәлелді ой айта білуін жоғары бағалады. Дебат жеңімпаздары 3 желтоқсанда өтетін Карьера фестивалінде марапатталады. Бұл іс-шара студенттердің аналитикалық ойлауын, шешендік дағдыларын және кәсіби бағдарын дамытуға ықпал етіп, еңбек нарығының болашағы технология мен адами құзыреттер тоғысында қалыптасатынын көрсетті.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде XVIII Халықаралық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінен 13 білім беру ұйымынан 25-тен астам команда қатысты. Іс-шара жетекші жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен мектеп оқушыларын біріктірді. Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және қазіргі заманғы экономистер мен қаржыгерлерді даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Олимпиаданы экономика ғылымдарының докторы Талимова Л.А. жетекшілік ететін «Қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды. Байқау бағдарламасы командалық жарыс форматында өтті. Оған И.Т. Трубилин атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университеті, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Қазан кооперативтік институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да ірі білім беру орталықтарының өкілдері қатысты. Қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін өзекті қаржы-экономикалық кейстерді шешу арқылы көрсетті. Олимпиаданың географиясы Мәскеуден Атырау мен Қарағандыға дейінгі қалаларды қамтыды, бұл іс-шараның халықаралық деңгейдегі жоғары мәртебесі мен кәсіби маңыздылығын растады. Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын және Гран-при Қарағанды қаласының №1 гимназиясының командасына бұйырды. 2 орынды И.Т. Трубилин атындағы Кубань МАУ, «Тұран» университеті және Қарағанды банк колледжінің бірінші командасы бөлісті. 3 орынды РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазан кооперативтік институты және Экономика, бизнес және құқық колледжі иеленді. Барлық жүлдегерлер кубоктармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Олимпиада аяқталғаннан кейін әртүрлі елдерден келген әріптестер мен қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, көптеген оң пікірлер жолдады. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті барлық қатысушылар мен серіктестерге алғыс білдіріп, жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтайды!
2025 жылғы 7 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ҰНПК қызметі аясында «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу процесі: қазіргі жағдайы және даму бағыттары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Шақырылған спикер – Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрайымы Гүлмира Төлеубайқызы Буебаева.
Дәріс барысында сот реформасы мен сот ісін цифрландырудың негізгі аспектілері қарастырылды: электрондық құжат айналымын енгізу, онлайн отырыстарды өткізу, автоматтандырылған жүйелерді пайдалану және құқықтық саладағы технологиялардың даму перспективалары. Спикер азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын сот арқылы қорғау тиімділігін арттыру және азаматтық іс жүргізу заңнамасының қазіргі үрдістері мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Құқықтану» және «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін бұл кездесу құнды тәжірибе болды. Олар сот жүйесіндегі цифрлық шешімдерді қолдану, олардың әділ сот төрелігіне қолжетімділік пен ашықтыққа әсері туралы сұрақтар қойып, практикалық білім алды.
Мұндай іс-шаралар университет пен сот органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және цифрлық трансформация жағдайында заңгер мамандығының рөлін түсінуге ықпал етеді.
2025 жылдың 5 қараша күні университетте Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, п. ғ. к. Кенжебаева С.К өткізген «ЖОО-ның оқу процесін геймификациялау» семинар-тренингі өтті. Іс-шара педагогикалық шеберлік мектебі аясында және университет пен колледждің жас оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Тренинг барысында қатысушылар геймификацияны студенттердің ынтасын арттырудың және оқу процесіне қатысудың тиімді құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды: - ойын элементтерін әртүрлі пәндердің білім беру бағдарламаларына біріктіру; - адал бәсекелестік пен командалық өзара әрекеттесу атмосферасын құру; - жоғары білім беруде геймификацияны сәтті қолданудың практикалық мысалдары. Семинардың практикалық бөлігі - оқытушылардың өз пәндерінің ерекшеліктеріне бейімдей алатын ойын элементтері мен интерактивті тапсырмаларын әзірлеуді қамтыды. Қатысушылар студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін дамытуға ықпал ететін білім беру ойындары мен құралдарын құру бойынша идеялармен алмасты. Аталған семинарды өткізу білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу бағытындағы маңызды қадам болды. Алынған білім мен практикалық дағдылар жас оқытушыларға оқу сапасын арттыруға және білімді игеру процесін серпінді және нәтижелі етуге мүмкіндік береді.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде студенттердің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сәрсен Жандос Шералыұлымен кездесуі өтті. Іс-шара 2025 жылдың 30 қазанында өтіп, студенттердің мемлекеттік қызметтің миссиясы мен құндылықтары, адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталды. Жандос Сәрсен Шералыұлы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қазіргі заманғы көзқарастар, кәсіби өсу мүмкіндіктері және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Заң мен құқық тәртібі идеологиясына ерекше назар аударды. Кездесуді университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Сергей Викторович Федотов жалғастырды. Ол академиялық адалдықты нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және этикалық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қызметпен таныстырды. Кездесу соңында студенттермен ашық диалог өткізілді. Қатысушылар білімді адал жолмен алу, заңдарды сақтау және жеке жауапкершілікті дамыту болашақ кәсіби табыстың негізі екендігін атап өтті.