Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті

Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі салық жүйесін ауқымды реформалау кезеңін айқындап отыр. Бұл реформа әділдікті, ашықтықты және цифрлық тиімділікті арттыруға бағытталған. Осыған орай, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және жаңа салық мәдениетін қалыптастыру ісіне белсенді атсалысуда.
Университеттің өңірдің тұрақты дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау миссиясын іске асыру аясында «Қаржы» кафедрасы 2025 жылғы 9 қазанда «Қазақстан Республикасының Салық кодексі – 2026: негізгі өзгерістер» атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Зауреш Қанатқызы Жойкимбекова баяндама жасап, жеке және заңды тұлғалардың салық салуына қатысты негізгі жаңалықтармен, цифрлық құралдарды енгізу мен бизнестің әкімшілік жүктемесін азайту шараларымен таныстырды.
Қатысушылар жаңа кодекстің тәжірибелік қолданылуы мен оның кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметіне әсерін талқылады.
Іс-шара студенттер мен оқытушылардың кәсіби білімін кеңейтіп, өзекті құзыреттерін дамытуға және елдің салық саясатына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 

Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті Жаңа салық мәдениетін қалыптастыру: университетте «Салық кодексі – 2026» тақырыбында семинар өтті

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL