CirculEC жобасының сапарларын бақылау
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Erasmus+ бағдарламасы аясында Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен «Экономиканың жабық циклі және тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» CirculEC академиялық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2024-2026 жылдар.
Консорциумға Испания, Италия және Германиядағы еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасқан Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарынан тұратын 15 серіктес кіреді. Мұндай халықаралық альянс инновациялық білім беру ортасын құруға және өңірдің тұрақты дамуына бағытталған болашақтың құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
6-шы қазаннан бастап біз CirculEC жобасы аясында өтетін мониторингтік кеңестің жақындап қалғанын хабарлаймыз.
Жобаның ағымдағы кезеңінің жетекшісі болып табылатындықтан Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өтетін семинарға 50-ден астам қонақ қатысады. Одан кейінгі шаралар Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер университетінде және Өзбекстандағы Орталық Азия университетінде жалғасып, соңында Душанбеде Тәжік мемлекеттік коммерциялық университеті мен Тәжікстан технологиялық университетінде, аяқталады.
Жиналыс барысында CirculEC жобасының серіктестері жаңа оқу модульдері, пәндері мен оқу материалдарының пилоттық енгізілуін бақылап, бағалайды:
- бакалавриат деңгейінде,
- магистратура деңгейінде,
- өмір бойы оқыту (LLL) аясында.
Іс-шараға университеттердің ғана емес, сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарынан өткен оқытушылар, докторанттар және Орталық Азияның бизнес, ҮЕҰ және мемлекеттік құрылымдарының өкілдері секілді мүдделі тараптардың қатысуы оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Олардың сараптамалық пікірі жаңа пәндердің енгізілу нәтижелерін кешенді бағалауға және олардың еңбек нарығы мен тұрақты даму талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Алынған нәтижелер Орталық Азияның білім беру жүйесіндегі тұрақты даму мен экономиканың жабық циклін интеграциялауға қатысты модульдердегі толыққанды пилоттық есептің негізі болады. Бұл оқиға академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің жасыл трансформациясы мен тұрақты өсу мәселелерін шеше алатын жаңа буын мамандарды даярлауда маңызды қадам болып табылады.





