Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде

Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде

2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде жаңа қабылданған оқытушыларға арналған кіріспе онбординг-іс-шарасы өтті. Іс-шараны Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқытушының кәсіби қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылатын оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Университеттің негізгі ақпараттық-білім беру платформаларымен – Platonus, DMS – жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ оларды оқу қызметін жоспарлау және есепке алу құралы ретінде пайдалану жолдары қарастырылды.
Жеке бөлімде ҚР ҒжБМ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, университеттің ішкі нормативтік құжаттары – ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтары түсіндірілді. Оқытушылар тек ақпарат алып қана қоймай, білім беру процесіне тезірек қосылуға көмектесетін практикалық ұсынымдар да алды.
Іс-шараға университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері қатысты: Бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау орталығы, Академиялық дамуды басқару департаменті, Азаматтық қорғаныс штабы, сондай-ақ Студенттермен жұмыс департаменті.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі онбординг бағдарламасы жаңа қызметкерлердің кәсіби қызметке оңай бейімделуіне, академиялық орта мен корпоративтік мәдениетке сәтті кірігуіне бағытталған. Мұндай іс-шаралар тиімді оқытушылар құрамын қалыптастыруға, білім беру процесінің сапасын арттыруға және университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

 

Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде Онбординг: оқытушыларды жаңа академиялық ортаға бейімдеудің құралы ретінде
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL