Университетте INFODAY өтті
2025 жылдың 15 қыркүйегінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Көптілді білім беру орталығы мен Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығымның ұйымдастыруымен INFODAY шарасы өтті.
Іс-шара аясында университет пен колледждің білім алушыларына, оқытушыларына және қызметкерлеріне орталықтардың білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.
Көптілді білім беру орталығы мемлекеттік және шетел тілдерін үйрету бағдарламаларын ұсынды. Олардың қатарында ағылшын, неміс, араб, түрік, қытай және басқа да қарқынды бағыттар бар. Қатысушыларға оқыту әдістемелері, курстардың құрылымы мен артықшылықтары туралы мәлімет берілді.
Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы Қазақстанның, жақын және алыс шетел университеттерінде академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінгі таңда Орталық 31 елдің 140-тан астам университетімен ынтымақтастық орнатып, халықаралық білім беру және мәдени тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер ашуда. Қатысушылар академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары, қаржыландыру көздері және өтінім беру тәртібі туралы ақпарат алды.
INFODAY шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыруға және шетелде білім алу көкжиегін кеңейтуге ұмтылған білім алушылар мен ПОҚ арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
*Көптілді білім беру орталығы — №281 офис,
Instagram: @multilingual_kazpotrebsoyuz, тел. +7 775 323 27 54
*Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы — №268 офис,
Instagram: @international_kazpotrebsoyuz





