Қазтұтынуодағы КарУ студентінің Ливерпульдегі жеңісі! Аида Әбікеева – әлемнің екі дүркін чемпионы!

Қазтұтынуодағы КарУ студентінің Ливерпульдегі жеңісі! Аида Әбікеева – әлемнің екі дүркін чемпионы!

«Дене шынықтыру және спорт менеджменті» білім беру бағдарламасының студенті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің мақтанышы Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті.

65 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Аида Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен кездесті. Қарсыласы алғашқы екі раундта басымдыққа ие болғанына қарамастан, қазақстандық спортшы табандылық танытып, шешуші үш минутта кездесу тағдырын өзгертіп, «алтынды» иеленді.

Осылайша, Аида Әбікеева әлемнің екі дүркін чемпионы атанып, өзінің жоғары шеберлігін және спорттық қайсарлығын дәлелдеді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын. Қорытынды есеп бойынша қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды (7 алтын, 1 күміс, 2 қола).

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті студентінің жетістігіне мақтана отырып, оған жаңа жеңістер мен табыстар тілейді!

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL