Сот реформасы сарапшы көзімен

Сот реформасы сарапшы көзімен

2025 жылғы 7 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ҰНПК қызметі аясында «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу процесі: қазіргі жағдайы және даму бағыттары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Шақырылған спикер – Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрайымы Гүлмира Төлеубайқызы Буебаева.

Дәріс барысында сот реформасы мен сот ісін цифрландырудың негізгі аспектілері қарастырылды: электрондық құжат айналымын енгізу, онлайн отырыстарды өткізу, автоматтандырылған жүйелерді пайдалану және құқықтық саладағы технологиялардың даму перспективалары.
Спикер азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын сот арқылы қорғау тиімділігін арттыру және азаматтық іс жүргізу заңнамасының қазіргі үрдістері мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Құқықтану» және «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін бұл кездесу құнды тәжірибе болды. Олар сот жүйесіндегі цифрлық шешімдерді қолдану, олардың әділ сот төрелігіне қолжетімділік пен ашықтыққа әсері туралы сұрақтар қойып, практикалық білім алды.

Мұндай іс-шаралар университет пен сот органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және цифрлық трансформация жағдайында заңгер мамандығының рөлін түсінуге ықпал етеді.

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL