Университетте геймификацияны енгізу
2025 жылдың 5 қараша күні университетте Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, п. ғ. к. Кенжебаева С.К өткізген «ЖОО-ның оқу процесін геймификациялау» семинар-тренингі өтті.
Іс-шара педагогикалық шеберлік мектебі аясында және университет пен колледждің жас оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Тренинг барысында қатысушылар геймификацияны студенттердің ынтасын арттырудың және оқу процесіне қатысудың тиімді құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.
Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- ойын элементтерін әртүрлі пәндердің білім беру бағдарламаларына біріктіру;
- адал бәсекелестік пен командалық өзара әрекеттесу атмосферасын құру;
- жоғары білім беруде геймификацияны сәтті қолданудың практикалық мысалдары.
Семинардың практикалық бөлігі - оқытушылардың өз пәндерінің ерекшеліктеріне бейімдей алатын ойын элементтері мен интерактивті тапсырмаларын әзірлеуді қамтыды. Қатысушылар студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін дамытуға ықпал ететін білім беру ойындары мен құралдарын құру бойынша идеялармен алмасты.
Аталған семинарды өткізу білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу бағытындағы маңызды қадам болды. Алынған білім мен практикалық дағдылар жас оқытушыларға оқу сапасын арттыруға және білімді игеру процесін серпінді және нәтижелі етуге мүмкіндік береді.





