Маркетинг және логистика кафедрасының X Халықаралық онкүндігінің қорытындылары

Маркетинг және логистика кафедрасының X Халықаралық онкүндігінің қорытындылары

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткен Маркетинг және логистика кафедрасының дәстүрлі X Халықаралық онкүндігі аясында екі ірі іс-шара ұйымдастырылды – мектеп оқушылары арасында өткен облыстық маркетинг олимпиадасы және студенттік ғылыми конференция «Жас зерттеушілер форумы – 2025».

«Жас зерттеушілер форумы – 2025» 30 қазанда өтті. Конференцияға 50-ден астам студент қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын үш бағыт бойынша таныстырды:

  • Тұрақты даму және цифрлық экономика: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер;
  • Цифрлық дәуірдегі маркетинг пен логистика: интеграциялық шешімдер мен инновациялар;
  • Қазақстанның цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, құқықтық және әлеуметтік аспектілер.

 

Маркетинг және логистика кафедрасының X Халықаралық онкүндігінің қорытындылары Маркетинг және логистика кафедрасының X Халықаралық онкүндігінің қорытындылары Маркетинг және логистика кафедрасының X Халықаралық онкүндігінің қорытындылары Маркетинг және логистика кафедрасының X Халықаралық онкүндігінің қорытындылары

 

31 қазанда «Сарыарқа дарыны» өңірлік дамыту орталығымен бірлесе өткізілген «Кәсіпке қадам: жасанды интеллект жағдайындағы маркетинг бойынша мектеп олимпиадасы» облыстық олимпиадасына 157 оқушы тіркеліп, олардың 92-сі финалға өтті.

Олимпиада екі лигада өтті:

Қазақ лигасы – 13 команда;

Орыс лигасы – 16 команда.

Қатысушылар маркетинг, логистика және кәсіпкерлік салаларындағы білімдерін көрсетіп, шығармашылық және аналитикалық кейстерді орындады. Мектеп командаларының жетекшілері университет психологының тренингіне және Кәсіптік бағдар және мансап орталығының жетекшісі өткізген семинарға қатысты.

Олимпиада аясында 11-сынып оқушылары арасында «Титандар шайқасы» байқауының іріктеу туры өтті.

Іс-шаралар студенттер мен оқушылардың зерттеу және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, ғылыми және жобалық қызметке деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ университеттің кәсіптік бағдарлау жұмысын күшейтуге ықпал етті.

3 қараша 2025 жылы олимпиада жеңімпаздары мен кафедра онкүндігі белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен жетекшілерге белсенділігі мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс білдіреміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL