Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысымен кездесу
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде студенттердің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сәрсен Жандос Шералыұлымен кездесуі өтті.
Іс-шара 2025 жылдың 30 қазанында өтіп, студенттердің мемлекеттік қызметтің миссиясы мен құндылықтары, адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталды.
Жандос Сәрсен Шералыұлы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қазіргі заманғы көзқарастар, кәсіби өсу мүмкіндіктері және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Заң мен құқық тәртібі идеологиясына ерекше назар аударды.
Кездесуді университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Сергей Викторович Федотов жалғастырды. Ол академиялық адалдықты нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және этикалық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қызметпен таныстырды.
Кездесу соңында студенттермен ашық диалог өткізілді. Қатысушылар білімді адал жолмен алу, заңдарды сақтау және жеке жауапкершілікті дамыту болашақ кәсіби табыстың негізі екендігін атап өтті.





