Университет түлектері мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті

Университет түлектері мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде экономикалық бағыттағы мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен түлектердің кездесулері өтті.
2025 жылдың 29 қазанында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті өкілдерімен, ал 3 қарашада – Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мемлекеттік салық саясаты, қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жас мамандар үшін мансаптық мүмкіндіктер талқыланды. Өкілдер өз қызметінің ерекшеліктері, біліктілік талаптары, іріктеу рәсімдері және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кәсіби өсу перспективалары туралы айтып берді.

Түлектер мемлекеттік қызмет саласына ерекше қызығушылық танытып, тағылымдамадан өту мен конкурстық іріктеуден өту тәртібі бойынша сұрақтар қойды.

Мұндай кездесулер студенттердің саналы кәсіби таңдау жасауына, университет пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өңір экономикасына кадрлар даярлау саласындағы серіктестік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

 Университет түлектері мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL