Салық реформасы туралы білім беру курсы

Салық реформасы туралы білім беру курсыӨңірдің тұрақты дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау жөніндегі университет миссиясын іске асыру аясында, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 20–21 қазанда «Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалау жағдайында жеке және заңды тұлғаларға салық салу – 2026» атты білім беру курсы өткізілді.
Іс-шара 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге арналды.
Курс жұмысына салық кеңесшілері, кәсіби қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар – оқытушылар, студенттер және докторанттар – ЖТС және КТС реформасы, мүлік пен көлікке салынатын салық, арнайы салық режимдері және әкімшілендіруді цифрландыру мәселелерін қарастырды.
Білім беру курсы болашақ экономистер мен қаржыгерлердің жауапты салық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын және кәсіби құзыреттерін арттыруға ықпал етті.

Салық реформасы туралы білім беру курсы Салық реформасы туралы білім беру курсы Салық реформасы туралы білім беру курсы
Салық реформасы туралы білім беру курсы Салық реформасы туралы білім беру курсы Салық реформасы туралы білім беру курсы
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL