Ансамбль жылдар бойы тұрақты жұмыс істеп жатыр р епертуарларын әр уақытта жаңартып және толықтырып отырады. Ансамбль репертуарын қазақ, шығыс, қазіргі билер құрайды. «Жайна» ансамблінің қатысушылары болашақ байқауларды әр уақытта тағатсыз күтуде. Әр байқау ансамбль мүшелерінің үмітін қол жеткізбес армандарының орындалуына жетелейді. Олар тек қана өздерін емес өз елін, өз қаласын көрсетеді.
"Жайна" ансамблінің – жетістіктері: 6 наурыз 1999 жыл Ең алғаш ҚЭУ сахнасында өнер көрсетті. Қазан 1999 жыл Белоруссия, Минск қаласы "Жастар Белоруссияның болашағы» атты II Халықаралық фестивалінің лауреаты Қараша 1999 жыл Қарағанды қаласындағы ЖОО арасында өткен «Жастар - Қазақстан Болашағы» атты облыстық фестивалінің III орын жүлдегері. Желтоқсан 1999 жыл Қарағанды қаласының «Қайырымдылық қорының» тұсаукесеріне қатысуы. Ақпан 2000 жыл Темиртау қ. Сара Назарбаеваның қатысуымен өткен "Бөбек " қорының тұсаукесеріне қатысуы. Ақпан 2000 жыл ҚарТВ арнасынан ансамбль туралы «Жетістік» фильмінің көрсетілімі. Ақпан – Наурыз 2000 жыл Ақ-Су, Павлодар, Екібастұз қаласы Әртіс М.Омаровпен ҚР гастролдік сапар. Сәуір 2000 жыл Қарағанды қ. Облыстық «Серебренный дождь» хореографиялық байқауының жеңімпазы. Сәуір 2000 жыл Түркияда өткен халықаралық "Жерорта теңіздік таңғажайыптары" фестивалінің лауреаты. Сәуір 2001 жыл Орал қаласы Ш. Жиенкұлов атындағы «Қазақ би» байқауының финалисттері Мамыр 2001 жыл Қарағанды қаласы. "Сиқырлы би әлемі» атты "Жайна" ансамблінің бірінші жеке концерті. Қыркүйек 2001 жыл Испания, Лорет де Мар қаласы. Халықаралық «Юность» хореографиялық байқауының бірінші дәрежелі лауреаты. Қазан 2001 жыл Барселона қ. Атақты Хисуса Кортеса атындағы "Фламенко" би мектебінде тәлім алды. Қараша 2001 жыл Қарағанды қаласы. "Жастар Қазақстанның болашағы" атты студенттердің III аймақтық фестивалында "Халық биі" жанры бойынша I орынды иеленді. Желтоқсан 2001 жыл Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған облыстық концертке қатысты. Маусым 2002 жыл Астана қаласы. Жаңа астананың ашылуына орай өткен шеруге қатысты. Тамыз 2003 жыл Шахтерлер күніне және Конституция күніне байланысты стадионда өткен шеруге қатысты. Қараша 2003 жыл Мәскеу қаласы. Мәскеуде "Кооперация - біздің үйіміз" атты ТМД елдернің Кооперативтік ЖОО арасында өткен студенттік фестивалда I орын иеленді. Ақпан 2004 жыл Қарағанды қ. Қарағандының 70- жылдық мерейтойына орай өткен үкімет концертіне қатысты. Тамыз 2004 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына және шахтерлер күнін тойлауға қатысты. Қазан 2004 жыл Қарағанды қ. Д.Назарбаеавның қатысумен өткен жастар форумына қатысты. Қазан 2004 жыл Жезқазған қ. "Жастар-Қазақстанның болашағы" атты студенттердің VI аймақтық конкурсында (эстрадалық номинация бойынша) I орын алды. Сәуір 2005 жыл Турция, Анталия қаласы "Бегущая по волнам " атты халықаралық байқау-фестивалының I дәрежелі лауреаттары атанды. Мамыр 2005 жыл Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60-жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты. Маусым 2005 жыл 15-17 маусымда ҚР президенті Н.Назарбаевтың жұмыс сапар шеңберінде стадионда өткен кездесуге қатысты. Қараша 2005 жыл Теміртау қ. Теміртау қаласының 60 жылдығына орай өткен хореографиялық "Халық өнері" байқауында I орын, студенттердің "Жастар -Қазақстанның болашағы" атты VII аймақтық фестивалында "Эстрадалық өнер"номинациясы бойынша I орын алды. Қараша 2005 жыл "Мен алғаш дауыс беремін" атты облыс әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің өткізген акциясына қатысты. Ақпан 2006 жыл Египет Бас жүлде "Бегущая по волнам " атты халықаралық байқау-фестивалы. Ақпан 200 жыл "Кайсар" жастар форумы қозғалысына бірінші қатысуы. Ақпан 2006 жыл Қарағанды облысының Жастар қозғалысының екінші облыстық көрмесіне қатысты. Наурыз 2006 жыл « Жас star-2006» жастар қолдауымен өткен "Эстрадалық өнер" номинациясы бойынша I аймақтық сыйақымен марапатталды. Сәуір 2006 жыл Қарғанды қ. Хореографиялық "Жайна" ансамблінің "Би сиқыры" атты жеке концерті. Сәуір 2006 жыл Павлодар қ. Аймақтық «Ертiс толкыны» байқауында көрермендер мейірімі және өте жақсы ұлттық киім жүлдесі. Маусым 2006 жыл Қарағанды қ. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 40 жылдық мерейтойына қатысты. Тамыз 2006 жыл Қарағанды қ, ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қарағанды облысына 70-жыл толуына байланысты стадионда өткен кездесуге қатысты. Қазан 2006 жыл Павлодар қ. VI республикалық «Жас толқын» студент- жастар фестиваліндегі III орын. Қараша 2006 жыл Қарағанды қ. Студенттердің аймақтық «Жастар Қазақстанның болашағы» атты фестивалінде заманауи би үлгісінен I орын және ұлттық биден II орын иеленді Желтоқсан 2006 жыл Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар"сыйақысымен марапатталуы, "Хореография" номинациясы бойынша "лауреат" атағы берілді. Қаңтар 2007 жыл Санкт-Петербург қ. «Жұлдыздардың жарқырауы» III Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық Рождество фестиваль-байқауының Бас жүлдесін және ұлттық номинацияда (I орынға). Эстрадалық номинацияда (I орын). Сәуір 2007 жыл Павлодар қ. «Ертiс толқыны» III аймақтық ұлттық би байқауында I орын. Мамыр 2007 жыл Қарағанды қ. "Жайна" ансамблінің ҚЭУ-дегі жеке концерті Қараша 2007 жыл Қарағанды қ. Студенттердің аймақтық «Жастар Қазақстанның болашағы» атты фестивалінде заманауи би мен ұлттық биден I орын иеленді Мамыр 2008 жыл Ресей Балаково қ, Ресейлік «Синяя птица» байқау-фестивалінде хореографиялық ұжымының II ашылуында "Ұлттық хореография" номинацияда I орын. Шілде 2008 жыл Теміртау қ. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Теміртау қаласында металлургтер күніне орай стадионның ашылуына қатысты. Қараша 2008 жыл Ресей Екатеринбург қ, «Берега надежды» шығармашылық ұжымының III Халықаралық конкурс-фестивалінде I орын. Наурыз 2009 жыл Қарағанды қ. « Жайна» ансамблінің 10- жылдық мерейтойға арналған жеке концерті. Сәуір 2009 жыл Қарағанды қ « Дельфийские игры» қалалық байқауда ұлттық билер номинациясы бойынша III орын және заманауи би түрлері номинациясында II орынды иеленді. Сәуір 2009 жыл Қарағанды қ Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Елдің бірінші ханымы С.А.Назарбаевамен кездесуде «Өзін-өзі тану» бойынша Республикалық семинар болды. Маусым 2009 жыл Қарағанды обл.Ботақара ауылы. Облыстық спорт ойындарының салтанатты ашылу шарасына қатысу. Тамыз 2009 жыл Саран қ., Қарағанды обл. ҚР президенті Н.Ә.Казарбаевтың қатысуымен өткен Саран қаласының 55 жылдық салтанатты мерейтойына қатысты. Қыркүйек 2009 жыл Оңтүстік Корея, Сеуіл қ. « Bucheon-2009– мәдени мұра» фестивалының лауреаттары
Алға! Жетістікке қарай ұмтыл! 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетінде осы ұранмен «Жайна» ансамблі ұйымдастырылған еді. Ансамбль құрамында қазір 40 адам билейді, олардың 20 - негізгі құрамда, қалған балалар даярлайтын топта шұғылданады. Ансамблді құрушы және оны рухтандырушы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы э.ғ.д., профессор, жас ұрпақты отан сүйгіштікке және биік мәдениеттілікке, әлемдік рухқа тәрбиелеуші. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғарғы білімді, мәдени және озық мамандар даярлап шығуына барлық жағдай жасауда. Студенттер жетекшілерін өте жақсы көреді және ҚЭУ-де оқитындарын мақтан етеді. Өйткені, ол - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына бағаланбас үлес қосуда
«Жайна» ансамблін құрушы және жетекшісі Савельева Татьяна Владимировна. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қоса отырып, үлкен жетістіктерге жеткендігі үшін 2000 жылы әртістік «Дарынды шебер» номинациясының сыйақысымен марапатталды, 2002 жылы «Жыл Хореографы», 2002 жылдың наурыз айында «Наурыздың 100 жақсы әйелдер» атты номинациясы бойынша облыс Әкімінің алғыс хатымен, сонымен бірге 2005 жылы облыстық мәдениет Департаментінің мадақтау хатымен марапатталды. Қарағанды қаласының мәдениетіне және көркемөнерге үлес қосқаны үшін облыс Әкімінің мадақтамасымен, ҚР Конституциясының 10-жылдық мерей тойына байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың №1633 25 тамыз 2005 жылғы бұйрығымен мемлекеттік медальмен марапатталды. Татьяна Владимировна Испанияда, Туркияда, Мысырда, Германияда, Швецияда, Финляндияда, Үндістанда, Белорусияда, Ресейде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты.
2006 жылдан бастап ансамбльде ассистент хореограф Вицентий Юлия Николаевна жұмыс істейді. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қосқандығы үшін облыс Әкімінің алғыс хатымен, 2007 жылы Санкт Петербург қаласында өткен «Сияние звезд», «Халықаралық Рождество» фестиваль – байқауында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына үлес қосқандығы үшін жоғарғы дәрежедегі педагогикалық кәсіби лауреаттардың дипломымен марапатталды.
Көшібаева Дидар Ақанқызы Сәттібаева Гүлжанат Белоруссияда, Ресейде, Египетте, Қазақстанда өткен Халықаралық конкурстардың 6 (алты) дүркін Гран-при (Бас жүлде) иегері. VI Республикалық «Жас толқын» фестивалінің, «Ертіс толқыны» аймақтық конкурсының жеңімпазы, «Жастар Қазақстанның болашағы» студенттердің аймақтық конкурсының 5 (бес) дүркін жеңімпазы. Ансамбль 15 жылдан асатын өзінің жолында, әр түрлі ауқымдардағы би фестивальдерінде (байқауларында) өзінің көшбасшылығын дәлелдеп, көрсетіп келеді. Шынымен де солай, өйткені ансамбльдің өзінің жүріп өткен тарихы, мол тәжірибесі бар! Өнерге деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббат, ұжым жетекшісі Көшібаева Дидар Ақанқызының сан қырлы таланты мен хореограф ассистенті Сәттібаева Гүлжанат Әсетқызының табанды еңбегі, сондай-ақ ансамбль мүшелерінің зор ынта-жігері, «Жайна» хореографиялық ансамбліне әрқашан да биікте болуға көмектеседі.
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Академическая к. 9, 322 кабинет
E-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«Жайна» хореографиялық ансамблі 20 жылдан астам түрлі масштабтағы би фестивальдерінде(байқауларда) өз көшбасшылығын дәлелдейді: Белоруссия, Ресей, Египет, Қазақстанда халықаралық конкурстардың 6 дүркін Гран-при иегерлері. VI Республикалық "Жас толқын" фестивалі, "Ертіс толқыны" аймақтық байқауының жеңімпаздары, "Қазақстан жастары" аймақтық студенттер байқауының 5 дүркін жеңімпаздары.
Хореографияның негізгі бағыттары:
- би қойылымы
- би техникасының негізгі принциптері
- үйлестіру
- базалық қозғалыстарды зерттеу
- созу
- синхрондық
- конкурстарға дайындық
Сабақ күндері
«Жайна» хореографиялық ансамбль студиясында(322 каб):
Ғылыми Кеңес ЖОО-ның стратегиялық дамуының негізгі мәселелері талқыланатын және шешімдері қабылданатын жоғары оқу орнын алқалық басқару түрлерінің бірі болып табылады. ҚҚЭУ-дің Ғылыми кеңесі университеттің ең үздік профессорлар-оқытушылар құрамы мен студент жастар құрамынан тұрады. Әлемнің ең беделді университеттері сияқты ҚҚЭУ-дің Ғылыми Кеңесі мына мақсатта құрылған: 1.Мамандарды даярлауда жоғары сапаны қамтамасыз ету, 2.Ғылыми зерттеулер жүргізу, 3.Студенттерге тәрбие беру, 4.Қазақстан Республикасының білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
КТ қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін
КТ құны 8 292 теңгені құрайды
КТ үшін төлем КТ-ға өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі (Kaspi QR немесе банк картасы арқылы).
Магистратураға түсу үшін қандай баллдар бар
Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бағалау шкаласы
Тест түрлері
Блоктар
Тест тапсырмаларының нысаны
Тапсыру тілі
Тест саны
Барлық ұпай
Шекті балл
грантқа
ақылы
Шет тілі бойынша Тест
Тыңдау
Лексика-грамматикалық тест
Оқу
бір дұрыс жауапты таңдау
Ағылшын / Неміс / Француз
50
50
кемінде 25
кемінде 25
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест
Сыни ойлау
Аналитикалық ойлау
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
кемінде 7
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест
Пән 1
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
кемінде 7
Пән 2
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
20
40
кемінде 7
кемінде 7
БАРЛЫҒЫ
130
150
кемінде 75
кемінде 50
Бейіндік магистратура үшін бағалау шкаласы
Тест түрлері
Блоктар
Тест тапсырмаларының нысаны
Тапсыру тілі
Тест саны
Барлық ұпай
Ақылы оқуға шекті балл
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест
Сыни ойлау
Аналитикалық ойлау
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест
Пән 1
бір дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
30
30
кемінде 7
Пән 2
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Қазақ / Орыс
20
40
кемінде 7
БАРЛЫҒЫ
80
100
кемінде 25
Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі
Құжаттардың негізгі пакеті:
өтініш (университетте толтырылады);
жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
кешенді тестілеудің электрондық сертификаты
3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы QR кодымен медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша талап етілетін балы/деңгейі бар шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болса);
1 папка, 2 конверт
Егер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болса, онда ол қалай есептеледі
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар тиісті шекті балдары бар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі: IELTS(АЙЛТС) / International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем), шекті балл-кемінде 6,0;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 543 балл;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 60;
Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (NiveauC1/C1 деңгейі);
француз тілі:test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome DALF (DALF), C1 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) - кемінде 50 балл).
Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы аталған сертификаттардың бірі бар адамдарға 50 балл есептеледі.
КТ өтуден босататын қандай да бір жағдайлар бар ма
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру салаларының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсетін тұлғалар, сондай-ақ "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары болған жағдайда қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады:
жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес балдары бар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорды емтихан) GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың үлгісі;
ӘҚҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес GRE Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд емтихан) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификат .
Магистратураға "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары топтарына түсетін тұлғалар ӘШҚҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес балдары бар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты (ГРЭДУЭЙТ мэнэджмент адмишен тест) болған кезде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ – ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар 5 жыл ішінде Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ-ның "шет тілі" (ағылшын тілі) тестілеу блогынан босатылады.
Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады
Оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:
Докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау мерзімі
3- шілдеден 3 - тамыз аралығы
Докторантураға түсу үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет екендігі туралы анықтама
Оқуға түсуші өтініш береді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін тапсырады (2 қабат, 260, 264 кабинет) .
Оның ішінде құжаттардың толық пакетін ұсыну және оларды сәйкестендіру кезінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу жүргізіледі.
Докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу университеттің қабылдау комиссиясының техникалық сүйемелдеуімен ғана жүргізіледі.
Докторантураға түсушілерге қандай талаптар қойылады
«Магистр» дәрежесінің болуы.
Еңбек өтілі 9 айдан кем емес
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың болуы
Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі
Құжаттардың негізгі пакеті:
өтініш (университетте толтырылады);
білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша шет тілін меңгергенін растайтын электрондық сертификат (талап етілетін балл / деңгеймен);
қабылдау емтиханының нәтижелері бойынша электрондық сертификат;
QR коды бар электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты ұсынады;
соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімін (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);;
1 папка, 2 конверт, 2 файл
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар қандай бағдарламалар бойынша және қандай баллдармен қабылданады
Докторантураға түсушілер келесі бағдарламалар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты міндетті түрде ұсынады:
ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС)/International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) шекті балл – кемінде 5,5;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 460 балл;
Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 46;
Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 453;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveauv2/B2 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (Niveau B2/B2 деңгейі);
француз тілі: test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise DALF (Далф), В2 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
Докторантураға түсушілер үшін қандай кіріспе сынақ өткізіледі
Оқуға түсу кезінде үміткер докторантураға түсу емтиханын компьютерлік форматта тапсырады, үш блоктан тұрады:
эссе жазу;
докторантурада оқуға дайындық тесті;
бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан сұрақтарына жауаптар.
Докторантураға түсу емтиханы қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай
4-тамыздан 20-тамыз аралығы
Емтихан бағасы 21 072 теңгені құрайды
Докторантураға түсу емтиханы үшін төлем АЖ (KaspiQR немесе банк картасы арқылы) арқылы өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі.
Докторантураға түсу үшін қандай ұпайлар бар
Докторантураға түсу үшін бағалау
Тест түрлері
Барлық ұпай
Шекті балл
мемлекеттік тапсырысқа
ақылы
Эссе
250-300 сөз
20
75-тен кем емес
50-тен кем емес
Докторантурада оқуға дайындық тесті
ҰТО әзірлеген ТГО
30
бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан
3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билеті
50
Барлығы
100
Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады
Сұрақтар бойынша оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:
Қарағанды қ, Академическая көшесі 9; (2 қабат, 260, 264 кабинет)
ҚҚЭУ 1966 жылы құрылды, жаңа оқу корпус 1980 жылы салынып 287364, 4 м2 оның ішінде бас корпус 16897, 6 м2, спортзал – 2659,7 м2, кітапхана – 2339,9 м2, асхана – 3209,5 м2, СМС – 1829,5 м2, блок «Б» - 1800,2 м2.
Университетте 3 жатақхана бар: жатақхана № 1 жалпы ауданы 3704,9 м2 мекен-жайы Академическая, 5 көшесі. Жатақхана № 2 оқу дәрісханаларымен бірлескен жалпы ауданы 4043,3 м2 мекен-жайы Академическая, 7 көшесі. Жатақхана № 4 жалпы ауданы 2128,9 м2 мекен-жайы Комиссарова, 32 көшесі.
Қарқаралыда 100 орынға арналған 3,1649 га жер телімімен «Кооператор» спорттық-сауықтыру лагері орналасқан. Лагерьде 50 орындық 2 қабатты жатақхана және әрқайсысының ауданы 66 м2 болатын 9 коттедж бар.
Жазғы маусымда толық технологиялық жабдықтармен жабдықталған асхана бар. Көрсетілген материалдық инфрақұрылымды ҚҚЭУ қамту үшін университет ашылған күннен бастап, әлі де кооператив институтының 60-шы жылдарында ӘШБ бөлімі құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Ол білім беру қызметтерін ұсынады.
ӘШБ 107 адам қызмет етеді. Барлығы мамандық бойынша қызметте. 5 адамның жоғары білімі бар, 1 – профессор т.ғ.к.
Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын ҚҚЭУ материалдық-техникалық базасы жеткілікті және университеттің білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді.
ҚҚЭУ-дің Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайының жетекшісі - шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Қанатты әйел» Бірінші Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің жүлдегері, "Нағыз әйел" республикалық байқауының номинанты Иманбаева Балдырған Дартайқызы ҚҚЭУ-дің этномұражайы мен этнотеатрының қызмет етуі жалпыадамзаттық бөлігі ретіндегі ұлттық мәдениеттің негізінде студенттердің тұлғалық қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайды құратын "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы іспетті.
Мақсаты: студенттерді қазақтың ұлттық киімдері арқылы ұлттық мәдениетке, халықтың салт-дәстүрлеріне баулу және тәрбиелеу. Міндеттері: 1. Ұлттық киімдер тарихын зерделеу, ұлттық киімдер арқылы студент жастарға этномәдени тәрбие беру. 2. Стденттер, жастар және өскелең ұрпақ арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу. Ұраны: Алты жыл аш болсаңда, атаңның салтын ұмытпа. Ұстанымы: Ұлттық киімдерді зерделеу, оны білу, ой елегінен өткізе отырып, жиған білімін барлық әлеммен бөлісу.
Эпохальные события:
Кезеңдік оқиғалар: 2005 - Наурыз-2005 мерекелік кешінде этнотеатрдың тұсаукесері, " XIX ғасырдағы қазақ қалыңдығының киімдері", «Киім арқылы көрінген қазақ әйелінің өмірлік жолы» атты бағдарламаларымен ҚҚЭУ-дің 40-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;
2006 - «Хабар» бағдарламасында этнотеатр және этномұражай туралы бейнебаян түсірілді; Қарағанды қаласының 70-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;
2007 - «ЭТНО-ЭРАТО» атты Ұлттық киімдердің VIII Халықаралық жоғары сән байқауына қатысуы (Ресей, Мәскеу). "Ең үздік шығыс киімі" номинациясында 3 орын; «Сән және дизайн: тарихи тәжірибе - жаңа технологиялар» атты Халықаралық конференциясында ҚҚЭУ этномұражайының қатысуы (Ресей, Санкт-Петербург); Ресей этнографиялық мұражайымен әріптестігінің басталуы (Санкт-Петербург қ.), яғни мұражай жұмысын ұйымдастыру, мұражай ісімен таныстыру және оқыту, тарихи ескерткіш іспетті қазақ ұлттық киімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
2008 – «Караван» республикалық газетінде ҚҚЭУ этнотеатры мен этномұражайының ұжымы туралы мақала; "Ұрпақтар сабақтастығы" жаңа бағдарламаларының қойылымы, университеттің ұжымдық мерекелік кештерінде "Жаңа жыл", «Наурыз-2008» «Тарих керуені» атты бағдарламамен қатысу.
Қойылым алдында
Этнотеатр және Этномұражай ұлттық мәдениеттен сусындаған болашақ мамандарды даярлауда жоо-ның жаңашылдық қызметінің базасы ретінде қалыптасты. ҚҚЭУ мұражайы, тек қазақ ұлттық киімдерін қалыпқа келтіру, сақтау және қазақ ұлттық киімдерін зерделеу орны ғана емес, ол мәдени, білім беру, ақпараттық және демалыс орталығына айналды. Этномұражайда университет пен колледждің қонақтарына, студенттеріне 100-ден аса экскурсия өткізілді. 2007-2008 оқу жылында қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің типтік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедраларының оқытушылары (Келмағамбетова Ш.С., Билял Б.К., Баербекова А.Е.) мен шет және орыс тілдері кафедраларының оқытушылары (Иманбаева Б.Д., Бейсембек А.С.) "Елтаным" тақырыбын осы этномұражайда өткізді.
ҚҚЭУ студенттері мен оқытушылары этномұражайда
Қарағанды экономикалық университетінің ұлттық киімдер этномұражайын құруда біз Еуропалық мұражай форумының директоры К.Хадсонның көзқарасын ұстандық. Оның пікірінше, мұражайдың ең басты мақсаты келушілердің ойынан шығу: «Жақсы мұражай - ол - кірген кезден гөрі, шыққан кездегі өзіңді жақсы сезініп шыққан мұражай». Педагогикалық қызметтерге бағытталғандықтан болар, мұражайды жиі мектеппен салыстырады. Бірақ, мектеп қарапайым мектеп емес. Мұражайға келуші білім ғана алып қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына себепкер болады. Бұл мектепті аяқтау мүмкін емес, өйткені адам мұражай залдарын аралай отырып, өзі үшін белгісіз нәрсені көріп, бұл белгісізді адамзаттың данасы құрғанын түсініп жаңа дүние есігін ашады.
Этномұражай экспонаттары
ҚҚЭУ этномұражайы қарамағында «Өткеннің нысандары» үйірмесі жұмыс істейді, маңызды аспектілері келесілер болып табылады: Тіл дамыту. 1. Эстетикалық бағыт (көркемдікті сезіну және шығармашылық бастауларын дамыту). 2. Тарихи-көркемдік бағыт (өнер тарихын зерделеу). 3. Әлеуметтік-нұсқаулық бағыт (Өнер - әлеуметтік бейімделу құралы) «Өткеннің нысандары» үйірмесінің мақсаттары: • ұлттық қолданбалы өнерге деген терең де, тұрақты қызығушылықты дамыту; • ұлттық қолданбалы өнер шығармаларының мәдени-тарихи контекстік қалыптасуы мен болмысын анықтау дағдыларына үйрету; • студенттің жеке адам болып қалыптасуының, олардың тұлғалық ерекшеліктерін оптималды дамытуға септігін тигізу, шынайы өмірге шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру. • «Өткеннің нысандары» үйірмесіне қатысу студенттерге келесі дағдылар мен машықтарды игеруге мүмкіндік береді: • бағдарлық ой-санасындамыту; • өзіндік ой пікірін түйіндеу; • халықтың материалдық және рухани құндылықтарының эстетикалық, көркемдік жетістіктерін түйсіну; • қоршаған ортаға деген белсенді шығармашылық қарым-қатынас. Үйірме мүшелері тәрбие жұмысының белсенді субъектілері болып табылады: олар үйірме отырыстарында зерделенген мұражай экспонаттарын көрсетуде экскурсия жұмыстарын жүргізеді.
Экскурсия жүргізушінің Оңтүстік Қазақстан әйелдерінің сұламасы туралы әңгімесі
Экскурсия жүргізуші мұражайға келушілерге сәукелеге тігілетін шашақпен таныстыруда
Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімі университет ректорының 06.09.2007-дегі №295-ок бұйрығы негізінде Персоналды басқару департаментінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған. Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімінің жетекшісі Персоналды басқару департаментінің директорына тікелей бағынады. Бөлім құрамына канцелярия, машиналық жазба бюросы, мұрағат кіреді. Бөлімнің негізгі міндеттері: 1. университетте құжаттармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру; 2. бірыңғай тәртіптегі құжаттаманы қамтамасыз ету, құжаттамамен жұмыс істеуді ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру және оны жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және оларды университеттің ведомстволық мұрағатына жіберу үшін даярлау; университеттегі құжат айналымының көлемін азайту; құжаттармен жұмыс кезінде жаңа технологиялық үрдістерді әзірлеу мен оларды енгізу және құжат құрамы мен ақпараттық көрсеткіштердің бір ретке келтірілуін есепке ала отырып, ұйымдық және есептегіш техникаларды пайдалану негізінде құжаттық ақпараттармен жұмыс істеу. Бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады: • құжаттармен басқы өңдеу жұмыстарын, алдын-ала қарастыру, тіркеу, есепке алу, сақтау, құжаттардың жіберілуі және жеткізілуі және оларды қабылдау, факс арқылы құжаттардың жіберілуі тәрізді жұмыстарын жүргізеді; • университет басшылығымен кіріс құжаттарының уақтылы қарастырылуын ұйымдастырады, университет басшылығымен қол қоятын құжаттардың рәсімделуіне бақылау жасайды; • құжаттардың уақтылы орындалуына қадағалау жүргізеді, университет басшылығына құжаттардың орындалу нәтижелері туралы уақтылы ақпарат беріп отырады; • бақылаушы-анықтамалық картотека құрады және оны жүргізеді; құжаттарды теріп басу, көшірме жасау және оларды көбейту сияқты жұмыстарын ұйымдастырады; іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтарды және құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару бойынша басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлейді; • университеттің істер номенклатурасын құрады, істердің жедел сақталуын және белгіленген тәртіпте жеке мұрағатқа жөнелткенге дейін олардың пайдалануын қамтамасыз етеді; құжаттармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру және құжаттардың орындалу тәртібін арттыру бойынша шараларды ұйымдастырады; құрылымдық бөлімшелердегі істердің дұрыс құрылуы мен рәсімделуіне бақылау жүргізеді, сақталатын және жойылатын құжаттарды таңдау мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жүргізеді; • бөлім қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады, құжаттама жүргізу мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша жиналыс-семинарлары мен кеңестер өткізеді; • электронды құжат айналымы жүйелеріндегі жұмысты ұйымдастырады. Шығармашылық қызметінің болашағы – басқарудың барлық салаларын құжаттамамен қамтамасыз етуде университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылуына мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың кешенді енгізілуі негізінде іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыру жүйесіне енгізу және оның мемлекеттік тілге көшірілуі. Университетте басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің автоматтандыру жобасын жүзеге асыру үшін Электронды құжат айналымының Тұжырымдамасы мен электронды құжат айналымын ұйымдастыру Ережесі әзірленді.
Бөлім жетекшісі – п.ғ.д., доцент Мүлікова Салтанат Алтайқызы Аға инспектор – Луконина Александра Александровна Іс қағаздарын жүргізуші - Каницкая Тамара Иосифовна Мұрағат меңгерушісі – Бикенова Сәния Исабекқызы Тел. факс 441632