• Blog news

«ЭБФ кураторларына арналған әдістемелік семинар»

«ЭБФ кураторларына арналған әдістемелік семинар»2015 жылдың 14 қаңтар күні Экономика және басқару факультетінің кураторлары үшін «Академиялық тобында кураторлар жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Аталмыш семинар Кураторлар Кеңесінің төрайымы Нуркеева Б.А., сондай-ақ әлеуметтік жұмыс және ӘСП кафедрасының әлеуметтанушысы Отыншина Г.С. қатысуымен өтті. Онда кураторлардың назарына университетінің Жастар бастамалары орталығы ұсынған, әдістемелік қоржынына таныстырылды. Оның құрамына топта жұмыс істеудің әртүрлі технологиялар, әр түрлі формалары мен тақырыптық кураторлық сағаттар, кураторлық жұмысын бағалау критерийлері және т.б. көрсетілген.

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері үшін«Бейнелекцияларды өткізу әдістемелері» атта біліктілікті арттыру курсы

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері үшін«Бейнелекцияларды өткізу әдістемелері» атта біліктілікті арттыру курсы2016 жылдың  11 қаңтарынан 20 қаңтарына дейін Қарағанды экономикалық университетінде Қазтұтынуодағы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері үшін«Бейнелекцияларды өткізу әдістемелері» атта біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсты Оқу Телевидениясы орталығының директоры Тарская Марина Николаевна және шақырылған білікті артист Әкім Думан Нұрлыбекұлы өткізді. Курс шеңберінде тыңдаушылар  мінез-құлық дағдыларын, онлайн сабақ әдістемесін, аудио, бейне оқулықтар, бейне лекциялар мен тағайындау түрлерінің дидактикалық принциптерін игерді..Сөйлеу және дикция  құруды үйренуді Думан Нұрлыбекұлының тренингтері ықпал етті.
Тыңдаушылар тарапынан Тарская М.Н.  және Әкім Д. Н. жоғары кәсібилігін атап өтті .Жалпы, курс жоғары деңгейде өткізілді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат  таратылды.

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша кураторлардың тәрбие жұмысы – теория және әдістеме

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша кураторлардың тәрбие жұмысы – теория және әдістеме2016 жылдың 20 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты студенттер арасында діни экстремизмге қарсы жұмысты сапалы жүргізу мақсатында кураторларға «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша кураторлардың тәрбие жұмысы – теория және әдістеме» тақырыбында кездесу өткізілді.

Есеп-қаржы факультетінің үздік кураторы

Есеп-қаржы факультетінің үздік кураторы2016 жылдың 19 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты кураторлар қауымына «Академиялық топтың кураторының әдістемелік жинақтамасы» атты семинар-тренинг өткізді. Семинарды факультеттің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Л.К. Мусипова ашып, бағыттарын бекітті. Сонымен қатар, кураторлар Кеңесінің Төрайымы А.С. Цицина, жыл қорытындысы бойынша «Есеп-қаржы факультетінің үздік кураторы» атанған В.З. Валеева, университет социологы Г.С. Отыншина өз баяндамаларын ортаға салды.

2015 жылдың 25 желтоқсаны «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы мұғалімдері «Шапағат» балалар арнайы үйіне барып, тәрбиеленушілерді Жаңа жылмен құттықтады.

2015 жылдың 25 желтоқсаны «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы  мұғалімдері «Шапағат» балалар арнайы үйіне барып, тәрбиеленушілерді Жаңа жылмен құттықтады.Қалыптасқан дәстүр бойынша «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары «Шапағат» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтау мақсатында ақша жинады. Балалар үйінің әкімшілігінің ұсынысы бойынша кафедра оқытушылары Ныйканбаева А.И., Фурманова М.А. және Хасенова Г.Т. 8-ші топ балаларын құттықтады. Топта 2 және 3 жас аралығында 7 бала тәрбиеленуде. Балалардың барлығы тәтті сыйлықтарымен қатар ойыншықтарын да алды. Алғашқыда қонақтарға қорқынышпен қараған балалар біраздан кейін үйренсіп, бірге ойнай бастады. Ойнап, рахметтерін айтып балалар қонақтарды шығарып салды. Ал қонақтар ауыр күрсіне отырып қайтты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL