• Blog news

ҚҚЭУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ҚҚЭУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті2015 жылы 3 желтоқсанда экономика мен басқару факультеті әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасымен бірлесіп БҰҰ-ның 70 жылдығына арнап «Біріккен Ұлттар Ұйымы: Өзгермелі әлем жағдайындағы жаһандық дипломатия» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына ҚҚЭУ, Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ, ҚММУ (Қарағанды, Қазақстан) және НИУ БелГУ (Белгород, Ресей) студенттері мен магистранттары қатысты.
Сырттай ИНЭФБ БашГУ, М.Акмулла ат. БГПУ, ФГБОУ ВПО УГАТУ (Уфа қ., Ресей), НИУ ВШЭ (Мәскеу қ. Ресей), Янки Купалы ат. ГГУ (Гродно қ., Беларусия), Чехия Университеті (Печь қ., Чехия) мен Питсбург мемлекеттік университеті (Питсбург қ., АҚШ) студенттері мен магистранттары қатысты.

Олимпиада

Олимпиада26 қарашада 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды қаласы бойынша жоғары оқу орнының экономика мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында Жоғары математика бойынша олимпиада өткізілді. Сайысқа 38 студент қатысты.

Оның ішінде:
1) ҚарМУдан - 9 студент,
2) ҚарМТУдан -3 студент
3) «Болашақ» академиясынан- 3 студент
4) ҚЭУдан – 23 студент.

Жұмыс тексеру нәтижесінде қорытынды келесідей:

№68 ОБМ оқушыларымен «Жер жаhаны» атты зияткерлік ойын

№68 ОБМ оқушыларымен «Жер жаhаны» атты зияткерлік ойын «Туризм және мейрамхана ісі» кафедарсының оқутышылары №68 ОБМ оқушыларымен «Жер жаhаны» атты зияткерлікойынын өткізді. Оқушылар география, тарих, астрономиядан өздерінің жоғары білімдерін көрсете алды. Үш команда қатысып, №1-ш команда жеңіп шықты. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары берілді.

«Қаржы көшбасшысы - 2015»: жеңімпаздар бар, бірақ бастысы қатысу!!!

«Қаржы көшбасшысы - 2015»: жеңімпаздар бар, бірақ бастысы қатысу!!!«Банк ісі» кафедрасы 2015 ж. 4 желтоқсанында ҚҚЭУ Студенттер Мәдениет Сарайында ЕҰУ, ҚазАТУ және ҚҚЭУ студенттері арасында «Қаржы көшбасшысы - 2015» атты олимпиадасы өтті. Олимпиадаға «Банк ісі» кафедра ПОҚ-ы, ЕҚФ декан орынбасары Мусипова Л.К., кафедра меңгерушісі Талимова Л.А., ЕДБ өкілдері мен қалалық мектеп-гимназиялары мен қазақ-түрік лицей оқушылары қатысты.
Олимпиада 5 кезеңнен тұрды. Қорытынды бойынша жеңімпаз болып, Ф-22с тобы студенті Темірханоы Имам атанды.
Олимпиада соңында естелік суреттер жасалынды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL