• Blog news

«Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер мен университеттің өзара іс-әрекетінің инновациялық үлгісі» дөңгелек үстелі

«Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер мен университеттің өзара іс-әрекетінің инновациялық үлгісі» дөңгелек үстелі17.02.2016 ж. Экономика және менеджмент кафедрасымен «Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер мен университеттің өзара іс-әрекетінің инновациялық үлгісі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді, оның мақсаты болып өңірлер үшін экономика және менеджмент аясында мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орындарының жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара байланысты және түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпалын жетілдіру саналады.

«Мисс ЭБФ-2016»

«Мисс ЭБФ-2016»«Экология және бағалау» кафедрасы Эко-12к тобының студенті Жунусова Арайлымды құттықтайды. Жунусова Арайлым «Мисс ЭБФ-2016» титулын жеңіп алды.

ҚҚЭУ-нің 50 жылдық мерей тойына

ҚҚЭУ-нің 50 жылдық мерей тойына «Банк ісі» кафедрасы ҚҚЭУ-нің 50 жылдық мерей тойына орай бітіруші студенттер мен екінші деңгейлі банктер менеджерлерінің қатысуымен студенттерге және оқытушыларға арналған дәріс ұсынды. Дәріске ЕҚФ және ЭБФ декандары Накипова Г.Е. және Гимранова Г.И., оқу-ісі проректоры Улыбышев Д.Н., «Банк ісі» кафедра оқытушылары Ермекова К.А., Борисова Е.И., Гусманова Ж.А., Сайфуллина Ю.М., Кульбаева Б.М., Исанов А.С., «Қаржы, салық және сақтандыру» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Айтбек С.Қ. және УА-22, Ф-22с топтары студенттері қатысты.

Театрға жол!

Театрға жол!«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы Назаров Е.Ж. өзінің МО-11к кураторлық тобы мен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Ресей мен Тәжікстаннан келген шетел студенттерін басын қосып 5 ақпан күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына барып, «Адасқандар» деп аталатын спектакль көріп қайтты.
«Адасқандар» спектаклі бүгінгі күнде бүкіл әлемнің қаупі мен қасіретіне айналған «терроризм», оның ішінде әсіресе діни сипат алған Таяу Шығыста пайда болған ИШИМ жалған мемлекетіне кетіп жатқан жастар мәселесі туралы. Актерлардың сахнадағы шебер ойыны көрермендерді бей-жай қалдырмады. Сирияға кетіп жатқан әсіресе жастардың қалайша озбырлардың тұзағына түсіп қалатын сәттерін әртістер өте жақсы көрсеткен. Бүгінгі күнде халықаралық деңгейде ең өзекті мәселеге айналған бұл проблеманың пайда болу себептері мен салдарларын білу студенттер үшін маңызы өте зор. Осы тұрғыдан алғанда аталмыш спектакльге студент жастарының баруы тәрбиелік әрі ақпараттық жағынан мәні өлшеусіз.
Шетел студенттері қазақ тіліндегі бұл қойылымды арнайы құлаққа киген жабдық арқылы аудармасын орыс тілінде тамашалап, театрдың ұйымдастыру деңгейіне таңқалып, ризашылықтарын білдірді.
Студенттер сабақ кестесінен тыс уақытта, өзін-өзі рухани тұрғыда байытып, көкірек көкжиегін кеңейтіп, қаладағы түрлі өнер ордаларына барып тұрғаны абзал.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL