• Blog news

ЭКСПО-2017-ге экскурсия жетекшілерін дайындау үшін секциясының Қарағанды облысы бейнелеу өнері мұражайына экскурсия сабағы

ЭКСПО-2017-ге экскурсия жетекшілерін дайындау үшін  секциясының Қарағанды облысы бейнелеу өнері мұражайына экскурсия сабағы5.02.2016 ж. Туризм және мейрамхана ісі кафедарсының аға оқытушысы М.В. Бедельбаева ЭКСПО-2017-ге экскурсия жетекшілерін дайындау үшін секциясының Қарағанды облысы бейнелеу өнері мұражайына Тур-11к, Тур-21к, Тур-12 топтарымен экскурсия сабағын ұйымдастырды. Олар «Н.О. Рыбецкийдің фотосуреттеріндегі Қарағанды жылнамасы» (ХХ ғ. 50-60 ж.ж.)" атты фотожәрмеңкеде болды.

Студенттер Шет елдердің тарихымен танысуын жалғастыруда

Студенттер Шет елдердің тарихымен танысуын жалғастыруда2016 жылы 2 ақпанда «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкбеков Ержан Серикович «Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша, «Ағартушылық. Тарихи процестегі революциялар орны. Революциялар типологиясы» тақырыбында МО-11, МО-12 топтарында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде интерактивті кабинетте өтті. Сабаққа кафедра меңгерушісі мен оқытушылар, сондай-ақ ЭБФ деканы Гимранова Г.И. қатысты.

Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының ҚҚЭУ ғылыми- білім беру стратегиясын іске асыру рөлі

Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының ҚҚЭУ ғылыми- білім беру стратегиясын іске асыру рөлі2016 жылдың 3 ақпанында 104 аудиторияда «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына арналған «Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының ҚҚЭУ ғылыми- білім беру стратегиясын іске асыру рөлі» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға э.ғ.д.,профессор Утебаев М.С.,Кучукова Н.К., Искакова З.Д.,сонымен қатар мемлекеттік мекемелер және де жеке кәсіпорындардың тәжірбиелі мамандары қатысты.
Іс-шараны алғы сөзбен академиялық сұрақтар бойынша және жаңа технологиялар проректоры э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О. ашты.
Келесі баяндамалар тындалды:
Заманауи жоғары білім және ҚҚЭУ-дің «Қаржы» мамандығын дайындаудағы рөлі - э.ғ.д.,профессор Искакова Загира Дюсембаевна;
Әлемдік экономикадағы турбуленттік жағдайдағы ҚР Ұлттық банкінің ақша-несиелік саясаты - э.ғ.д.,профессор Кучукова Нуриля Кенжебековна;
Экономика және қаржы дамуындағы кейбір мәселелер - э.ғ.д.,профессор Утебаев Мусирали Смаилович;
Мемлекеттік кіріс органдарының кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы ҚСС кафедрасының рөлі – Таханов Аян Барисович, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жанама салықты әкімшілендіру басқармасының жетекшісі.

Қазіргі заман жағдайында іскерлік мансап

Қазіргі заман жағдайында іскерлік мансап2016 жылдың 2-ші ақпан айында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., доцент Туткушева Ж.К. МН-21, Э-32 топатрымен бірге «Кәсіби мансапты жоспарлау» пәнінен тәжірибе базасында «Қазіргі заман жағдайында іскерлік мансап» тақырыбында сабақ жүргізді. Сабақты Туткушева Ж.К бірге кәсіпкерлікті менмлекеттік қолдау бағдарламасы «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ-ның кеңесшісі Койбагарова Гаухар жүргізді

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің даму үрдістері мен келешегі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің даму үрдістері мен келешегі2016 жылғы 27 қаңтарда «Болашақ» академиясында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет туралы заңнамны дамытудың түйткілдері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар болды.
Семинардың модераторы «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасынң меңгерушісі, з. ғ. к., доцент А.Т. Қабжанов, координаторы осы кафедра доценті, з. ғ. к. Л.К. Амандықова.
Семинарға з. ғ. к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры К.С. Муслимова, «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ҚМКК мемлекет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін көтеру аймақтық орталығының аға оқытушысы С.Х. Мустафин, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің бас маманы Р.М. Жусупов, з.ғ. к., «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасыынң доценті» А.М. Малдыбаев және басқалар қатысты.
Ғылыми-теориялық семинарға ҚКЭУ-ден з.ғ.к., доцент, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Кенелұлы Сыздық қатысып, «Қазақстан Республикасы қызметкерлері арасында қылмыстылық пен құқықбұзудың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL