• Blog news

«Қарағанды қ. №4 мектеп-интернаты ММ» жаңажылдық ертегі»

«Қарағанды қ. №4 мектеп-интернаты ММ» жаңажылдық ертегі»2015 жылдың 20 желтоқсан күні Экономика және басқару факультетінің инициативасы бойынша ҚЭУ-ң «Вдохновение» студенттер театрымен және «Вода Хрустальная» ЖШС демеушілік қолдау арқылы «Қарағанды қ. №4 мектеп-интернатының» бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық акциясы өткізілді.
Экономика және басқару факультетінің басшылығы «Вода Хрустальная» ЖШС-не, акцияға қатысқан факультетіттің барлық студенттеріне және «Вдохновение» студенттік театрының мүшелеріне өз алғысын білдіреді.

«Биология білгірі - 2015»

19 желтоқсанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2015» атты олимпиада ойынын ұйымдастыды. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 90-ға жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар:
1-ші орын - Жаркешова Мерей 11 «Б» сынып оқушысы, №81 орта мектебі
2-ші орын - Куляев Вадим 11 «А» сынып оқушысы, №63 орта мектебі
3 -ші орын - Емдальцева Виталина 11 «А» сынып оқушысы, №45 орта мектебі
3 -ші орын - Ким Владимир 10 «А» сынып оқушысы, №63 орта мектебі
3 -ші орын - Шаекин Бекзат 11 «А» сынып оқушысы, №101орта мектебі
25 желтоқсанда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҚҚ -НЫҢ КЕЛЕШЕГІ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҚҚ -НЫҢ КЕЛЕШЕГІ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ»22 желтоқсанда «Экология және бағалау» кафедрасы «Қазақстандағы ТҚҚ -ның келешегі мен қорытындылары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге ОО «Экообраз» бас маманы Мария Тюрющева шақырылды.
Семинар-тренингке қатысқандарға сертификаттар берілді.

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен сабақ

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен сабақ«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Байгожина Г.М. Тәуелсіздік күніне орайластырылған, «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» пәні шеңберінде университеттен тыс МО-21, МО-22, МО-23к топтарына Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында сабақ өткізді.
Орталықтағы мұражай экспозициялары егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметіне арналған.
Тақырыптық экспозицияларда мұрағаттық материалдар, кино және фото құжаттар, кітаптар, елбасының бірегей наградалары, жеке заттары мен құжаттары, еңбектері қойылған:
- «Тәуелсіздік жолында (1985-1991 жж.)»
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
- «Атамекен», «Президенттік институттың қазақстандық үлгісі»
- «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы»
- «Қазақстан мен әлемдік қауымдастық»
- «Ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Н.Ә. Назарбаевтың рөлі»
- «Қару-жарақ коллекциясы»
- «ҚР Президентіне табысталған сыйлықтар»

Ақпарат

Ақпарат19 қарашада ҚҚЭУ -де өткен «Еліміздің жас зерттеушілерінің тұрақты даму стратегиясына көзқарасы» атты студенттердің және магистранттардың халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының қатысушыларына.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL