• Blog news

Кайдзен көмегімен бәсекеқабілеттілікті арттыру

Кайдзен көмегімен бәсекеқабілеттілікті арттыру20 ақпан 2016 жылы біліктілікті арттыру мақсатында «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары Ю.Р. Мингазова мен Ж.К. Туткушева «Кайдзен басқарудың жапондық тәжірибесі арқылы сапаны, бәсекеқабілеттілікті қалай арттыруға және өзіндік құнды төмендету болады» атты Japan International Cooperation Agency (JICA) Жапон агенттігінің халықаралық ынтымақтастығымен ұйымдастырылған, бас халықаралық сараптамашы Хаджиме Сузуки мырзамен өткізілген оқыту семинар-тренингіне қатысты.

ХХI ғасыр көшбасшысы

ХХI ғасыр көшбасшысы17.02.2016ж. Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары Мингазова Ю.Р. және Идрисова А.К. МН-32 топ студенттері Л. Солодун мен М. Елькинамен бірге № 82 орта мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында «Менеджмент» мамандығы бойынша «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты ойыны ойналды.

ҚЭУ 50-жылдығын

ҚЭУ 50-жылдығын«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасымен ҚЭУ 50-жылдығын мерекелеу іс-шаралары қарсанында 9 Сәуір, 2016 ашық кураторлық сағат «Менің университет менің мақтанышым» және 12 ақпан 2016, алдыңғы жылдары түлектерінің кездесуі «Жас болған жылдарымыз» өткізілді.
Апта бойы «Есеп және аудит» кафедрасы ҚЭУ 50 жылдығын мерекелеу іс-шарасын іске аыру мақсатында бухгалтерлік есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған 09.02.2016 ж «Менің университет менің мақтанышым» тақырыбында ашық кураторлық сағат және 12.02.2016 «жас болған жылдарымыз» тақырыбында өткен жылдардың түлектерінің кездесуін өткізді.

ӘЖ және ӘСП кафедрасының СҒҚ отырысы

ӘЖ және ӘСП кафедрасының СҒҚ отырысыАғымдағы жылдың 11 ақпан күні №367 дәрісханада ӘЖ және ӘСП кафедрасының «Әлеуметтік жұмыс» және «Экономика және құқық негіздері» мамандығының 1-3 курс студенттері мен кафедра оқытушылары құрамының қатысуымен студенттік ғылыми қоғамдастықтың отырысы болып өтті. Отырыс барысында қарасытырылған сұрақтар:
1. 2015-2016 оқу жылының 2 жарты жылдығындағы СҒҚ-ның жұмыс жоспары;
2. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің ҚР ЖОО-да ұйымдастырылатын ғылыми-инновациялық жобалар байқауына қатысуы;
3. Университеттің 50 жылдығына орай өткізілетін «Студенттік ғылым күні» атты іс-шараның өту барысы мен мазмұнына қатысты ұсыныстар мен өзгерістерді қарастыру.
Отырыс қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де 26 ақпанда өтетін әлеуметтік жобалар байқауына екі жоба жіберілетін болды. Олар: «Әлеуметтік жұмыс» және «Экономика және құқық негіздері» мамандығы студенттерінің «Novator» және «Самғау» топтарының жобалары.

Академикалық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыған студенттермен кездесу

Академикалық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыған студенттермен кездесу2016 жылы 19-шы ақпанда Туризм және мейрахана ісі кафедрасы академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыған студенттермен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде кафедра оқытушылары, сонымен қатар «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»мамандықтарының 1-2-ші курс студенттерді болды. Кездесу барысында шетелде оқып келген студенттер Наутбаева Умит, Мукан Анель, Казымбет Токжан, Жиенкулова Жанар, Жакупова Айгерим, Лия Микадзе, Арнат Болатов, Копбаева Сабина өздерінің оқу жайлы тәжірибелері мен қалыптасқан көзқарастарымен бөлісті. Кездесуде болған 1-ші курс студенттері белсенді қатысып, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL