• Blog news

Қарағанды қаласының орта мектеп оқушыларының арасындағы «Қазақстандықтар үшін EXPO көрмесін өткізудің маңыздылығы» атты эссе жарысы

Қарағанды қаласының орта мектеп оқушыларының арасындағы «Қазақстандықтар үшін EXPO көрмесін өткізудің маңыздылығы» атты эссе жарысы 19-шы желтоқсан 2015 жылы доцент А.К. Жуспекова және аға оқытушы Е.И Шабанова Қарағанды қаласының орта мектеп оқушыларының арасындағы «Қазақстандықтар үшін EXPO көрмесін өткізудің маңыздылығы» атты эссе жарысын өткізді.
Жарысқа қатысқандар: № 10, 18, 68, 45 мектептерінің оқушылары және ККЭУ колледж студенттері.
Қазылар алқаларының құрамына кірген оқытушылар:
1.А.К. Жуспекова– кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент
2.Г.К. Замбинова– э.ғ.к., доцент
3.Е.И. Шабанова– аға оқытушы, магистр
4.Бекишева Ш.Т. – оқытушы, магистр

Баскетболдан ұлттық студенттік лига

Баскетболдан ұлттық студенттік лигаБаскетболдан өткен Ұлттық студенттік лиганың турнирінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қыздар құрама командасы екінші орынға ие болды.
Команданы үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
2015 жылғы 11-14 желтоқсанда Астанада, «Назарбаев Университеті» базасында баскетболдан Ұлттық студенттік лиганың финалдық ойындары өтті.
Біздің университетіміздің баскетболдан қыздар құрама командасы Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тәжірибелі құрама командасына орын беріп, екінші орынға ие болды.

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ.

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ. 2015 жылғы 10 желтоқсанда университеттің 105 аудиториясы мен үлкен фоесінде "Қарағанды облысы жас ғалымдарының EXPO-2017-ге үлесі" көрме-конференциясы өтті. Көрме конференцияны Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒТО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, алуан тақырыптағы жобалар ұсынды. Озық жобалардың авторларына түрлі аталымдар бойынша дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Жобалар жеке жинақ болып шықты.

«Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития»

«Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития»2015 жылдың 9 желтоқсанында «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен сағат 11.00-де 103 аудиторияда «Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития» тақырыбына платинум дәрісі ұйымдастырылған болатын.
Дәріс оқыған «Номад Иншуранс» СК ҚФ АҚ директоры Нуртденов Руслан Ильгизирович. Ол студенттерді ҚР сақтандыру нарығының қазіргі жағдайымен таныстырды, сақтандыру іс-қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін, сақтандыру түрлерін және сақтандыру нарығының кейбір мәселелері мен оларды шешу жолдарын ашып көрсетті. Дәріске академиялық сұрақтар мен жаңа технологиялар бойынша проректор э.ғ.к., профессор Р.О. Бугубаева, ЕҚФ деканы э.ғ.д., профессор Г.Е.Накипова және оқытушылар шақырылды.

100 нақты қадам

100 нақты қадам8.12.2015 жылы Тауартану және сертификаттау кафедрасының магистранттары студенттермен бірлесіп «100 нақты қадам» тақырыбында флешмоб өтекізді. Бұл жаһандық ішкі тартысқа жауап және жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған мемлекет қатарына қосылудағы ҰЛТ ЖОСПАРЫ.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL