Есеп-қаржы факультетінің үздік кураторы
2016 жылдың 19 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты кураторлар қауымына «Академиялық топтың кураторының әдістемелік жинақтамасы» атты семинар-тренинг өткізді. Семинарды факультеттің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Л.К. Мусипова ашып, бағыттарын бекітті. Сонымен қатар, кураторлар Кеңесінің Төрайымы А.С. Цицина, жыл қорытындысы бойынша «Есеп-қаржы факультетінің үздік кураторы» атанған В.З. Валеева, университет социологы Г.С. Отыншина өз баяндамаларын ортаға салды.


19 желтоқсанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2015» атты олимпиада ойынын ұйымдастыды. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 90-ға жуық мектеп оқушылары қатысты.


