Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға арналды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Смағұлов Б.А. және Қалықов А.К., сондай-ақ Қарағанды облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, басты бағыттары мен енгізілетін өзгерістеріне тоқталды. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы күшейтілетіні, цифрлық қауіпсіздік мәселелері мемлекеттік деңгейде нақты бекітілетіні және билік жүйесіндегі өзгерістер көрініс табатыны атап өтілді. Спикерлер 15 наурызда өтетін референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, азаматтардың белсенді қатысуы қоғам дамуына тікелей әсер ететінін жеткізді.
2026 жылғы 20 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Интернет-алаяқтық: алдын алу және жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел сәтті өтті. Іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастардың цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Талқылауға университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың өзекті схемалары, оларды анықтаудың практикалық аспектілері, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтарды қорғау мен алдын алудың тиімді шаралары қарастырылды.
Қонақ спикерлер ретінде Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Қарағанды облысы Полиция департаменті (ҚР ІІМ) және Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы өкілдері сөз сөйледі:
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 60 жылдығы және «Университет және өңір: 60 жыл бірлескен даму» іс-шаралары аясында 2026 жылғы 19 ақпанда «Логистика» және «Маркетинг» білім беру бағдарламалары студенттері үшін кафедраның көпжылдық серіктесі — «TM-Logistic» ЖШС базасында көшпелі оқу сабағы өтті. Кәсіпорын директоры Куликов В.Н. дәріс оқып, бизнес-процестердің практикалық көрсетілімін өткізді. Ол заманауи логистикалық тәжірибелер, олардың маркетингпен өзара байланысы және клиенттік құндылықты қалыптастырудағы рөлі туралы жан-жақты баяндады. Көшпелі сабақ Садыкова А.К. және Краснощекова Е.А. оқытушыларының жетекшілігімен өтті. Мұндай іс-шаралар университеттің өңірдің бизнес-қауымдастығымен серіктестік байланыстарын нығайтуға, білім алушылардың практикалық құзыреттерін қалыптастыруға және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
2026 жылғы 21 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында университеттің 60 жылдық мерейтойына арналған 9–11 сынып оқушылары, гимназиялар мен лицейлердің және Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының колледж студенттері арасында мерейтойлық облыстық экономика олимпиадасы өтті. Жыл сайын өткізілетін зияткерлік сайыс жастардың экономикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға, экономикалық білімді насихаттауға, сондай-ақ кәсіби бағдар беруге және болашақ білім беру бағытын саналы таңдауға ықпал етуге бағытталған. Іс-шараның әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етілуін Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің «Экономика және кәсіпкерлік» және «Менеджмент және инновациялар» кафедралары жүзеге асырды. Қазылар алқасының құрамына университеттің жетекші оқытушылары енді. Олимпиадаға өңірдің 49 дарынды мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық қабілеттерін және экономикалық білімді практикада қолдана білу шеберлігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен, естелік сыйлықтармен және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде оқу ақысына жеңілдік беретін сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекші мұғалімдеріне университет ректорының атынан алғыс хаттар табысталды. Экономика пәні бойынша облыстық олимпиада экономикалық ғылым мен кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау және қолдау бағытындағы тиімді алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
2026 жылғы 6 ақпанда Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының түлегі Гайворонская И.-мен кездесу өтті. Ол Қарағанды қаласы Киров полиция бөлімі штабының инспекторы, полиция лейтенанты.
Іс-шараны Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қайроллаева Л.К. ұйымдастырды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оның барысында түлек өзінің білім алу жолы, мамандық таңдауы және кәсіби қызметтегі алғашқы қадамдары туралы жан-жақты баяндады. Университетте алған білімнің қазіргі кәсіби орта талаптарына бейімделуге және табысты мансап қалыптастыруға қалай ықпал еткені ерекше атап өтілді.
Кездесу барысында жұмысқа орналасу, өндірістік практикадан өту, кәсіби және тұлғалық құзыреттерді дамыту мәселелері талқыланды. Түлек өзін-өзі дамыту, мамандық таңдау және жеке білім беру траекториясын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Мұндай кездесулер университеттің кәсіби бағдар беру жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені олар білім алушыларға болашақ мамандық туралы нақты түсінік алуға, оқуға деген ынтаны арттыруға және кәсіби жолын саналы таңдауға мүмкіндік береді.