«Интернет-алаяқтық: алдын алу, анықтау және жауапкершілік!»
2026 жылғы 20 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Интернет-алаяқтық: алдын алу және жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел сәтті өтті. Іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастардың цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Талқылауға университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың өзекті схемалары, оларды анықтаудың практикалық аспектілері, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтарды қорғау мен алдын алудың тиімді шаралары қарастырылды.
Қонақ спикерлер ретінде Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Қарағанды облысы Полиция департаменті (ҚР ІІМ) және Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы өкілдері сөз сөйледі:
- Аскаров Дюсен Кайратович – Қарағанды қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі.
- Мусатаев Дауренбек Қадылұлы – Қарағанды қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі.
- Калашиди Михаил Юрьевич – Қарағанды қаласы Полиция басқармасының ОПК бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.
- Ахмалтдинов Рустам Рамильевич – Қарағанды облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты.
- Шульгин Евгений Петрович – Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, полиция майоры.
Іс-шараны бизнес, құқық және технология факультетінің «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы ұйымдастырды. Қонақ спикерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Дөңгелек үстел білім беру және құқық қорғау құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етіп, білім алушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Университет серіктестерге ынтымақтастық үшін және киберкеңістікте жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Дөңгелек үстел «Қарағанды облысы жастарының киберкеңістіктегі құқықтық сауаттылығын талдау» тақырыбындағы зерттеу жұмысы аясында өткізілді.





