Халықаралық ғылыми конференциядағы Жеңіс: университет студенттері I дәрежелі дипломмен марапатталды
2025 жылғы 11-12 желтоқсан күндері Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының білім алушылары Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті (Мәскеу қ.) ұйымдастырған «С.Б. Барнгольцті еске алуға арналған Желтоқсан оқулары» XVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Конференция
«Экономикалық жүйелердің даму мүмкіндіктерін бағалаудың заманауи әдістері: есептік-бақылау және аналитикалық аспектілер» тақырыбында өтті және түрлі елдердің ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді.
Конференция қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім алушылары марапатталды:
- Биякин Сергей Витальевич
- Бревнова Ангелина Александровна
- Сыздыков Темирлан Нурланович
Білім алушылар «Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі (2026): негізгі өзгерістер және Қазақстан–Ресей сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы жағдайында компаниялар қызметіне әсері» тақырыбында баяндама ұсынып, оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығы жоғары бағаланды.
Ғылыми жетекшісі — Березюк Валентина Ивановна «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор.
Аталған жетістік «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді.
Студенттеріміз бен ғылыми жетекшіні жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер, кәсіби өсу мен халықаралық деңгейдегі табыстар тілейміз!





