Түлекпен ашық диалог: кәсіби қалыптасу тәжірибесімен алмасу

Түлекпен ашық диалог: кәсіби қалыптасу тәжірибесімен алмасу

2026 жылғы 6 ақпанда Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлегі Гайворонская И.-мен кездесу өтті. Ол Қарағанды қаласы Киров полиция бөлімі штабының инспекторы, полиция лейтенанты.

Іс-шараны Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қайроллаева Л.К. ұйымдастырды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оның барысында түлек өзінің білім алу жолы, мамандық таңдауы және кәсіби қызметтегі алғашқы қадамдары туралы жан-жақты баяндады. Университетте алған білімнің қазіргі кәсіби орта талаптарына бейімделуге және табысты мансап қалыптастыруға қалай ықпал еткені ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында жұмысқа орналасу, өндірістік практикадан өту, кәсіби және тұлғалық құзыреттерді дамыту мәселелері талқыланды. Түлек өзін-өзі дамыту, мамандық таңдау және жеке білім беру траекториясын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Мұндай кездесулер университеттің кәсіби бағдар беру жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені олар білім алушыларға болашақ мамандық туралы нақты түсінік алуға, оқуға деген ынтаны арттыруға және кәсіби жолын саналы таңдауға мүмкіндік береді.

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL