• Blog news

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!«Бұқар-Жырау ауданының топонимикасы» атты монография жарыққа шықты. Монографияның авторы Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Жетписов Сағындык Уразгулұлы.
Монографияда Бұхар-Жырау ауданының негізгі елді мекендерінің орналасуының карта-сызбалары және әкімшілік-аймақтық сипаттары берілген. Аталмыш жұмыс көптеген оқырмандар арасында қызығушылыққа ие болды. Әкімшілік органдармен және тарих, география, өлкетану және жергілікті аумақтың туризмін болашақтағы зерттеулеріне бағдар бермек.
Бұхар-Жырау ауданы әкімінің ұйымдастыруымен өтілген ғылыми семинарда, осы монографияның презентациясы өтті.
Осыған орай, Бұхар-Жырау ауданының әкімі С.У. Жетписовқа еңбегін бағалай келе, Бұхар-Жырау ауданының әкімі Нуркен Кобжановтың құрмет грамотасымен марапатталды.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ - 2014

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ - 2014 Жыл сайынғы «Ең жақсы білім беру бағдарламасы» конкурсы (әрі қарай - Конкурс) оқытудың сапасы мен тиімділігін көбейту мақсатымен профессорлық-оқытушы ұжымы мен білім беру бағдарламалары басшыларының жұмысын ынталандыру үшін өткізіледі.
Жыл сайынғы «Ең жақсы білім беру бағдарламасы» конкурсы қорытытындылары бойынша жеңімпаз 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы болды.

Әкімнің ҚҚЭУ-ға сапары

Әкімнің ҚҚЭУ-ға сапары2014 жылдың 30 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетіне жұмыс сапарымен Қарағанды облысының әкімі Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы келді.
Сапардың мақсаты жас кәсіпкерлер мен өңір жаңартпашылдарына арналған технологиялық бизнес-инкубаторы - «Достық» Коворкинг орталығын ашу болды.

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы2014 жылдың 19 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті негізінде Орталық Азия қашықтан оқу университеттері ассоциациясының құрылтай жиналысы өткізілді.
Ассоциацияның іс-әрекеті негізіне бәріне ортақ Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін құру, ашық және қашықтан оқу өрісіндегі жаңа беталыстарға сәйкесті саясатты жүргізу, берілген өрістерде біліктілікті жоғарылату, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық және оқытушы қызметі өрістерінде инновациялық іс-әрекеттер тұжырымдамасын еңгізу.

«Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) индустриалды-инновациялық даму мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) индустриалды-инновациялық даму мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция11 желтоқсан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті базасында «Еуразиялық экономикалық одақтағы индустриалды-инновациялық даму мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚҚЭУ бастамасымен және Қарағанды облыстық акиматымен қолдау тапқан бұл ғылыми форум Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы акиматы және Ресей Федерациясы Свердловск облысы үкіметі арасында 2014-2016 жылдарға сауда-экономикалық, ғылыми-теникалық және гуманитарлық қатынастар жөніндегі Келісімшартты жүзеге асыру үшін іс-шараларды орындауға байланысты басты міндеттерді шешу мақсаты шеңберінде өткізілді. Конференция әріптестері ретінде директор, атақты ғалым-экономист РҒА Академигі Татаркин Александр Иванович Ресей Ғылым Академиясының Урал бөлімшесі (Екатеринбург қ.) атынан, директор орынбасары Панзабекова Ақсанат Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің экономика институты атынан, ҚР КҰП Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті» ЖКО ФМББМ (Ұлттық зерттеу университеті), «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қоры және Ресей кооперация университетінің Қазан кооперативтік институты шықты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL