Информатика бойынша олимпиада
2015 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды экономикалық университетінің «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы Қарағанды қаласы мен серіктес қалалардың 10-11 сыныптары оқушылары арасында информатикадан олимпиаданы табысты өткізді.
Олимпиадаға 12 орта оқу орындарынан 72 оқушы қатысты. Олимпиаданың басты мақсаты болып: орта білім беру орындары оқушыларының информатика өрісіндегі білімдері деңгейін анықтау және шығармашылық біліктілігін дамыту, оларды оқу-зерттеу әрекеттеріне ынталандыру, кәсіби бағдарлау және білімін кеңейту.
Ашылуы, олимпиаданың өткізілуі, қорытындыларды жасау мен қатысушыларды марапаттау «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасымен жасалынды. Марапаттау салтанатты түрде жүргізілді.





