• Blog news

Семинар

Семинар2015 жылдың 14 қаңтар күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы «ҚЭУ-дегі мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасы бойынша орындалып жатқан іс-шаралар» атты семинар өткізді. (Жауаптылар: К.Т. Қабатаева, М.Ш. Тойжигитова).Семинарға проректорлар, бөлім басшылары, декандар, олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен қызметкерлер қатысты.Семинарда мемлекеттік тілдің қолдану және дамыту әдісін жетілдіру туралы тың ойлар айтылды. Семинарға қатысушылар белсенді түрде өз ойлары мен көзқарастарын білдірді. Олар: Ұлақов С.Н, Ханов Т.А., Гимранова Г.И, Кернебаев А.С, Жақсыбаева Г.М, Хауия С. т.б.Семинар соңында орта және жоғары деңгейлерге арналған курстардың оқулықтары мен сөздіктеріне презентация өткізілді.

Үлттық асхана ерекшеліктерін зерттеу

Үлттық асхана ерекшеліктерін зерттеу12-24 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінде ішкі академиялық мобильділік шеңберінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы студенттеріне арналып «Қысқы мектеп» жұмыс істейді.
Ұлттық асхана ерекшеліктерін, қызмет көрсету мен сервис технологиясын зерттеу мақсатында, тауартатану және сертификаттау кафедрасымен «Мерей» қонақ үй кешеніне сапар шегу сабағы өткізілді, онда студенттерге мейрамхананың бас технологымен мастер-класс көрсетілді.

ҮЗДІК КУРАТОР

ҮЗДІК КУРАТОР

Бизнес және құқық факультетінің"Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушысы Киакпаев Данияр Берикполұлын "ҮЗДІК КУРАТОР" атағын алуымен шын журектен құттықтаймыз!!!Ғылыми-педагогикалық қызметте шығармашылық жетістіктер, таусылмас бақыт, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы п.ғ.д., доцент Кенжебаева Сания Кузаировнаны «ЖЫЛ АДАМЫ» атағаны иеленуімен құттықтайды! Сізге онан арғы ғылыми-педагогикалық қызметіңізде шығармашылық табыстар, денсаулық, мол бақыт және отбасылық амандық тілейміз!

Ю-31к және Ю-32к топ студенттері "ҮМІТ" балалар үйі сәбилерімен кездесті

Ю-31к және Ю-32к топ студенттері "ҮМІТ" балалар үйі сәбилерімен кездесті 2014 жылдың 27 жылдың Бизнес және құқық факультетінің Ю-31к және Ю-32к топ студенттері Жаңа Жыл қарсаныңда"ҮМІТ" балалар үйі сәбилерімен кездесіп, қардан қашалған Аяз ата мен Ақша қар мүсіндерін тарту етті!

Attachments:
Download this file (Eсеп.ppt)Eсеп.ppt3962 kB
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL