• Blog news

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

Кәсіптік бағдарлау жұмысы2015 жылдың 11 ақпанында Кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор Мештаева Б.С. кездесті, Қарағанды экономикалық университеті буклеттерін оқушылар арасында таратты. 11 «А», 11 «Б», 11 «В» сынып оқушыларының сынып сағаттарына қатысты. «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. Г.Мұстафин атындағы №83 ОББМ стенділеріне жарнамалық буклеттерді орналастырды.

ҚЭУ ғалымдарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

2015-2017 жылдарға ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздары болуымен ҚЭУ ғалымдарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
Ғылыми-зерттеу қызметінде онан арғы табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз.

«Экономикалық кафе» ойыны мен «Экономика» мамандығының дөңгелек үстелі

«Экономикалық кафе» ойыны мен «Экономика» мамандығының дөңгелек үстелі 2015 жылдың 28 қаңтарында салалар бойынша 0519000 «Экономика» мамандығының пән аптасы шеңберінде Оспанова Г.С. және Несипбаев Р.Е. оқытушыларымен Э-31к, Э-32 студенттік топтары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Экономикалық кафе» ойыны өткізілді. Аудиторияда кафе көрінісі жасалынды. Бес айналым ұсынылды: "Дәмтатымдар", "Бірінші тағамдар", "Екінші тағамдар", "Десерт", "Сусындар". Қатысушылар кезектесіп тағамдарды таңдады, сұрақтарға жауап берді. Тағамдар ассортименті алуан түрлі. Ұсынылды: экономика деңгейіндегі бутербродтар, "Қажеттілік" атты кесіліп қуырылған нандар, ақшадан жасалынған винегрет, сұраныс пен ұсыныстан дайындалған щи, "Берекелі" торты және тағы басқалар.
Жюри қорытындысын жасады. Әрбір топ өз капиталын жинады. Дегенмен, ең рентабельді болғандар Э-32 тобы. Белсенді қатысқан студенттер: Досов Адиль, Жунуспеков Азат, Садвокасова Гульмира, Гурский Стас.

«Менің мамандығым – заңгер: Сочи- 2015»

«Менің мамандығым – заңгер: Сочи- 2015»2015 жылдың 26 қаңтарынан 2 ақпанына дейін РХДУ Сочи институтында (филиалында) заң жоо-ның оқытушылары мен студенттеріне арналған «Менің мамандығым – заңгер: Сочи - 2015» атты халықаралық Қысқы академия өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары заңгерлік жоо Ассоциациясы (Мәскеу қ.), РХДУ (Мәскеу қ.), Үш елдің өкілдері, 50-ден астам қатысушылар.

Қысқы академияның жұмыс шеңберінде, «Юриспруденция» мамандығының студенттері Ю-22 Блялова Д., Ю-31с/к Толегенова Д. халықаралық оқу және өндірістік тәжірибеден өтті, профессор Весельская Н.Р., доцент Нурпейисова А.К. «Заңгердің кәсіби құзыреті – қалыптастыру әдістемелері» атты халықаралық квалификацияны жоғарылату курстарынан өтті.

БСҚА ұсыныстарын жүзеге асырудың жоспары

5В051300 Әлемдік экономика, 5В070400 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 5В090500 Әлеуметтік жұмыс, 5В090800 Бағалау, 5В090200 Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі білім беру бағдарламалыры бойынша инстутционалды/мамандандырылған аккредиттеуден тиімді нәтижелер алу мақсатымен сыртқы эксперттік бағалау (аудит) топтарының ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын орналыстырып жатырмыз.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL