Әкімнің ҚҚЭУ-ға сапары
2014 жылдың 30 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетіне жұмыс сапарымен Қарағанды облысының әкімі Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы келді.
Сапардың мақсаты жас кәсіпкерлер мен өңір жаңартпашылдарына арналған технологиялық бизнес-инкубаторы - «Достық» Коворкинг орталығын ашу болды.
ҚҚЭУ құрамына 4 жатақхана, стадион, теннис алаңы, жаттығу құрылғысының залы, медицина орталығы, студентік кафе, кішігірім кір жуатын орындар, ақпараттық-білім беру орталығы кіретін студенттік кампустың болашақ негізі кұрылған.
Сапар барысында Қарағанды облысының әкімі Н.Қ.Әбдібековке университеттің материалдық-техникалық базасы, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары: электронды университет, виртуалды кәсіпорын, электронды салық комитет, ақпараттық-білім беру орталығы, электронды оқыту теледидары, қашықтықтан оқыту орталығы, call-орталығы және т.б. таныстырылды.