• Blog news

РИЗАШЫЛЫҚ

РИЗАШЫЛЫҚ2014 жылдың 27 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің
Ю-31с/к тобы және топ кураторы Киакпаев Д.Б. «Таңшолпан» балалар уйінде біздің елдің бірінші ханымы Сара Алпысқызы бастамасымен дәстүрлі түрде өтілетін «РИЗАШЫЛЫҚ» күні аталып өтті.

Ағымдағы жылы мереке күнінде демеушілер Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бастығы Исахова Айгуль Сапаровна, балалар мейрамын ұйымдастыру студиясы «RIO», Бизнес және құқық факультетінің Ю-31с/к студенттері және «НОВОЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕ» жергілікті телекеналдың қатысуымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасампаздық шығармашылық арқылы еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған сыйлықтар тапсырылды.

Мерекенің өткізу мақсаты– үйлесімді даму, рухани – адамгершілікті байыту, шығармашылық қабілеттерін және еңбек дағдыларын дамыту. Факультет студенттері балаларға шын жүректен өз мейірімдері мен махаббаттарын көрсетті және сыңғырлаған бала күлкісін сыйлады. Әрбір студенттің адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау-әрбір азаматтың мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өркендеп-өсуіне қосқан үлесі болары сөзсіз.

«Биология білгірі-2014»

«Биология білгірі-2014»2014 жылдың 27 қарашасында «Экология және бағалау» кафедрасы жыл сайынғы «Биология білгірі - 2014» атты конкурсын өткізді. Бұл іс-шараға Қарағанды қ. 85 бітіруші сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындылары кафедраның сайтында жарияланады.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауына байланысты өткізілетін іс-шаралар.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауына байланысты өткізілетін іс-шаралар.

 

2014 жылдың 25 қарашасында Экономика және басқару факультеті 3 курс студенттеріне ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауы «Нурлы жол – болашаққа бастар жол» бойынша ашық куратор сабағын өткізді.

2014 жылдың 11 қарашасында Нұрсалтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауымен шықты. Соған байланысты, есеп-қаржы факультеті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбына Дөңгелек үстел өткізді.

 

«Қазіргі замандағы Қазақстанның рухани және әлеуметтік-экономикалық дамуының дәстүрлері мен инновациялары» ғылыми-тәжірибелікконференциясы (бейневерсия)

«Қазіргі замандағы Қазақстанның рухани және әлеуметтік-экономикалық дамуының дәстүрлері мен инновациялары» ғылыми-тәжірибелікконференциясы (бейневерсия)2014 жылдың 27 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қазіргі замандағы Қазақстанның рухани және әлеуметтік-экономикалық дамуының дәстүрлері мен инновациялары» атты Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті (Ұлытау төрінде Елбасы Н.А. Назарбаевтің сұхбаты деректерінен).
Отырысты өзінің бастапқы сөзімен университет ректоры, э.ғ.д., профессор Аймагамбетов Е.Б. ашты, құттықтау сөзімен Қарағанды облысының әкімі орынбасары Абишев Ж.А. шықты.

«Түлек – 2015» атты Мансап күні өткізілді

«Түлек – 2015» атты Мансап күні өткізілдіҚараша айының 20 күні Қарағанды экономикалық университінде «Түлек – 2015» атты Мансап күні өткізілді. Іс-шаранаң мақсаты - бітіруші курс студенттердің кәсіпорын мен қалалақ және облыстық мекемелердің өкілдерімен кездесу. Студенттермен сұхбат өткізіп, өздерінің қызметі мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы Мансап күніне қатысқан 65 жұмыс берушілер баяндап берді. Аталмыш кездесу біздің түлектерді сәтті мансапқа аттандырушы нүкте болды деп сенеміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL