• Blog news

«Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл»

«Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл»Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл» атты іс-шара ұйымдастырды.
Конференция кафедраның ПОҚ мен барлық мамандық студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында ӘЖ және ӘСП кафедрасының ардагер оқытушыларының дайындаған «ҚҚЭУ: кеше, бүгін, ертең» және «50 жыл: ӘЖ және ӘСП кафедрасына арналады» атты бейнероликтер көрсетілді.

Жастар дауысы – ел болашағы!

Жастар дауысы – ел болашағы! 2-ші наурыз 2016 жылы ҚР-ң Парламенті сайлауына алғаш қатысатын бірінші курс студенттері үшін ҚР-ң Президенті шәкіртақысының иегерлері
Рыстай Айсулу және Наутбаева Уміт «Сенің даусың – сенің болашағың!!!» атты тақырыпта презентация дайындап өткізді. Бизнес және құқық факультетінің студенттері Тур-11к, Тур-13 с\к, РД-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к жуырда болатын сайлау туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, елдің болашағы әрбір сайлаушыға байланысты екенін атап айтты.

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел2016 жылдың 1-наурызында Экономика және басқару факультеті мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талқылауға арналған «Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» атты дөңгелек үстел пікірсайысы болып өтті.
Дөңгелек үстел пікірсайысына:
1. №39 гимназиясының 11 сынып оқушылары
2. №76 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары
3. №77 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Платиналық дәріс

Платиналық дәріс29.02.2016ж сағ 11:00де 303Б аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Ибитанова К.К. тәжірибе өту базасынан тәжірибелік қызметкерді, яғни Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-кеңесшісі Жумашев Тлепбек Мазимовичтің қатысуымен«АӨК кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс жүргізді.

Алғыс айту күні болып.

Алғыс айту күні болып.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары тағдырдың жазуымен Қазақстанға тұтастай халықтар жер аударылған болатын. Оларды вагондардан тура айдалаға әкеліп түсірді. Өздері де аш-жалаңаш қиын жағдайда өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары, оларды өздерінің сазбалшықтан соғылған үйлеріне паналатып, соңғы үзім нандарынан бөліп берді.
Жүз мыңдаған әр түрлі ұлт адамдарына бұл жер өз отанына айналып, Қазақстан олар үшін туған үйлеріндей болып кетті.
Алғыс айту күнін Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнінде, бүкіл ұлыстардың бір-біріне және мейірімділік танытып және осы адамдарды өздерінің туған бауырларындай қабылдаған қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өтуге шешім қабылданған еді.
Осы мерекенің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Өйткені бүгін, көпұлтты Қазақстан халқы алдында «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру аса зор міндеттері тұр және бейбітшілікті, тыныштықты сондай-ақ тұрақтылықты сақтау алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың аса маңызды кепілі болып саналады!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL