ҚЭУҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ
2016 жылдың 17 наурызында 16.00 сағатта «Достық» Коворкинг-орталығында студенттік жобаларға қатысушылардың жиыны болды. Ұйымдастырушысы:Экономикалық және құқықтық ғылыми-зерттеулер институты.
Мұнда ҚЭУҚ студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту және белсендіруге қатысты сұрақтар, сондай-ақ өздерінің жобаларымен жұмыс істеу барысында кездесетін қиындықтар мәселелері талқыланды.


12-ші сәуір 2016 жылы «Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Ашық есіктер күні» іс-шарасын өткізді. Аталмыш іс-шара барасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесінің менеджменті» (384 ауд.) және Менеджмент және сервис № 232 кабинеттерінде «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының презентациясы өтті, онда мамандықтың қазіргі еңбек нарығындағы сұранысы туралы айтылды. Ал «Белсенді туризм турлерінің техникасы мен тактикасы» (383А ауд.) кабинетінде «Туризм» мамандығының презентациясы өтті, және де біздің студенттер арнайы туристік құралдарды көрсетілді.


