2016 жылдың 24 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Талимова Г.У. «Өндіріс орнының сыртқысаяси қызметі» пәнінің шеңберінде университеттен тыс МЭ-31 тобына Қарағанды қаласындағы «Машзавод № 1» машина жасау заводында сабақ өткізді.
2016 жылдың 15 наурызы мен 24 наурыз аралығында ғылыми және пдагогикалық бағыттың 6М072700 «Азық-түлік тағамдарының технологиясы», 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтарыны2 курс магистранттары К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында магистранттармен «Производство пищевой продукции нового поколения и современные системы менеджмента» бағдарламасы бойынша дәрістер шеңберінде Ресейдегі азық-түлік өндіріс саласындағы заманауи дамудың өзекті мәселелері мен азық-түлік өнімдері технологиясының саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша жаңа мәліметтер игерілді. Тәжірибелік дәрістер шеңберінде магистранттар Ресей мемлекеттік кітапханасына, Мемлекеттік ғылыми-техникалық кітапханасына барды, сонымен қатар Мәскеу қаласының азық-түлік өндіретін заманауи кәсіпорнының жұмысымен танысты.
2016 жылдың 9 наурызы мен 18 наурызы аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050600 «Экономика», 6М090200 «Туризм» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдаманың «Условия и тенденции развития современной экономики и ее отраслей: межстрановой аспект» атты негізгі бағдарламасы бойынша ҚЭУ магистранттарына СПМЭУ-нің алға тартар профессорлары мен доценттерімен Ресей экономикасының заманауи дамуы, жаhандық экономика мәселелерін шешу, халықаралық бизнесті дамытудың стратегиялық үлгілерін дайындау, инвестициондық қызметті жетілдіру, бизнестің әр түрлі салаларында жұмыс істейтін мекемелердің экономикалық жұмысын дамытумен байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Бағдарламаның ғылыми бөлімінің шеңберінде магистранттармен, нәтижелері магистерлік диссертацияда тікелей көрсетілетін Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында шетелдік ғылыми және оқу әдебиеттерімен жұмыс атқарылды.
2016 жылдың 24 наурызында «Пассионарии» дипломатиялық клубы мен Жаңа экономика және Жүйелі сараптама ғылыми-зерттеу институты бірігіп студенттерге арналған «Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқару» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарда баяндамашы ретінде институт директоры Айнабек К.С. пен директордың орынбасары Сихимбаева Д.Р. болды.
18.03 - 20.03. 2016 жыл аралығында Тур-11к, Тур-13с\к, Тур-12, Тур-14с тобының студенттері «Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы негзідері» пәні бойынша кафедраның аға оқытушысы және ҚР-ң еңбек сіңірген жаттықтырушысы Р.О. Каримовамен бірге Қарқаралы ұлттық саябағына жорыққа шықты. Жорық барысында белсенді туризм түрлеріне байланысты көптеген тәжірибе жүзінде дағдыға ие болды. Оларға: тау техникасы, маршрут құрастыру жергілікті жермен бағдар жасау және т.б.