• Blog news

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемелекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Новости и объявления2016 жылдың 24 ақпаны мен 4 наурызы аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М030100 «Заңтану», 6М030400 «Кеден ісі», 6М050900 «Қаржы» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында магистранттармен: «Құқық» бағыты бойынша Кеден Одағы мемлекеттеріндегі нормативті-құқықтық реттеу жүйесі туралы және «Қаржы» бағыты бойынша заманауи шарттардағы мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығының өзекті мәселелері туралы тағылымдама бағдарламалары игерілді.
Ғылыми тағылымдама барысында ҚЭУ магистранттары ғылым докторлары мен кандидаттарынан құралған Санкт-Петербург мемелекеттік экономикалық университетінің алға тартар оқытушыларының дәрістік сабақтарына қатысып, шетелдік тәжірибе арқылы заманауи қаржы мен құқық дамуының өзекті мәселелерін талдап қарастыруға мүмкіндік алды.
Магистранттар тәжірибелік сабақтар шеңберінде МАПП «Светогорск»
3-D интерактивті жаттықтырушының көмегімен шекаралық кеден бекетіндегі виртуалды кеңістікті ұйымдастыру, 3-D интерактивті ALLEGRO жаттықтырушыда кедендік бақылауды ұйымдастыру тренингтеріне қатысты, Сақтандыру мұражайына барды.

«Менің университетім» байқауы

«Менің университетім» байқауыҚарағанды экономикалық университетінің 50 жылдыңын тойлау қарсанында 2016 жылдың 17 наурыз күні шетел және орыс тілдері және қазақ тілі және Қазақстан мәдениетті кафедраларымен ұйымдастарылған барлық мамандақтардың арасында университетің мерейтойына арналған «Менің университетім» атты байқау өткізілді.
Байқауда мынадай номинациялар ұсынылды:
- үздік эссе (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
- үздік презентация (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
- шығармашылық туынды (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)
Ең үздік жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл жарыста барасында, студенттер университетке деген сүйіспеншіліктерін білдірді, шығармашылықтарын және үш тілді жетік меңгерген көрсетті!

Наурыз-мейрамы

Наурыз-мейрамы18наурыз 2016ж. Студенттер сарайында Наурыз-мейрамын тойлауға арналған мерекелік концерт өтті. Оған: «Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Казачья вольница» ҚБ, «Дакия» румын мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің, Т.Г. Шевченко атындағы «Рiдне слово» украин тілі облыстық серіктестігінің, «Вайнах» чешен-ингуш мәдени орталығының өкілдері;Тілеген Әділов және Дидар Қамиев – ақын-айтыскерлері; «Қазақ аруы-2016» сайысының 3 орын жүлдегері Оразбек Гүлімай қатысты.
Сонымен қатар, «Асық ату» және «Папа, мама, я – спортивная семья» спорт сайыстарының қатысушылары марапатталды.
«Жайна» би ансамблі халық назарына «Көктем аруы» және «Хорезм биі» екі жаңа биін ұсынды.

«Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар»

«Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар»2016 жылдың 17 наурызында сағ. 17.00-де № 3 жатақханада шетел және  орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Жунусова А.К. және Махаева А.К. ұйымдастыруымен «Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар» атты іс-шара өткізілді. Бұл  іс-шара  ЭКО-12k, ТПП-12k, ОПЕК-11к, Э-11к топтарының арасында дебат түрінде өтті. Қызу пікірталас барасында басты  өзекті мәселелер қарастырылды.

Конкурс «Әкем, анам және мен – спорттық және жігерлі отбасымен»

Конкурс «Әкем, анам және мен – спорттық және жігерлі отбасымен»2016 жылдың 16 наурызында ҚҚЭУ де Наурыз мейрамын тойлау іс-шаралары аясында «Папа, мама и я – дружная спортивная семья» атты конкурс өтті. Ұйымдаструшылар алқасы ЖІК, Есеп қаржы факультетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасы.
Жарыс мақсаты:
− Отбасының салауатты демалысын ұйымдастыру;
− Балалардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын қалыптастыру;
− Ептілік, күш, шапшаңдық, белсенділік,зеректілікті қалыптастыру;
− Мейірімділік пен ұйымшылдық сезіміне тәрбиелеу ;
− Бірлескен жұмыс кезінде жақсы көңіл-күйді көтеру.
Спорттық шараға төрт отбасы қатысты:
1. Қытай орталығынан келген отбасы: Ян Дэ-Си, Чернецкая Ольга Степановна - немересі Лю Мишель;
2. Польяк орталығынан келген отбасы: Генрих және Любовь Срока, қызы Габриела;
3. Украин орталығынан келген отбасы: Витвицкий Александр Степанович, Витвицкая Анастасия – ұлдары Витвицкий Степан;
4. Мемлекеттік қызмет Департаментінен келген отбасы: Руслан және Асель Беляловтар ұлдары Арсланмен.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL