2016 жылдың 18 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Шукушева Е.В. Наурыз мерекесіне орайластырылған, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» мен «Көпжақты дипломатия» пәндерінің шеңберінде университеттен тыс МО-32, МО-33 топтарына және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Душанбе (Тәжікстан) мен Белгород (Ресей) қалаларынан келген студенттеріне Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында сабақ өткізді.
2016 жылдың 21 наурыз және 30 наурыз аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050700 «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергелікті басқару», 6М051100 «Маркетинг» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің белгілі профессорлармен мен доценттер магистранттарға «Современные подходы к менеджменту, маркетингу и государственному управлению в условиях глобализации: стратегический аспект» макро, мезо, микро деңгейде іске асырылатын замануи аймақтық кадрлар әлеуетін басқаруын байланысты сұрақтар шоғырын ашты, ресурсты үнемдеуді және энергия үнемдеуді басқару, мемлекеттік реттеу және инновациялық бизнесті муниципалды меншікті басқару, мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесіндегі кадолық саясат жөнінде жаңа мәліметтер игерілді. Тәжірибелік дәріс «Ингрия» бизнес – инкубатор негізінде өтті, оның аясында магистранттар инновациялық жобалар презентацияларына қатысты. Тағылымдама бағдарламасы аясында магистранттар Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында шетелдік ғылыми және оқу әдістемесі.
25 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасының оқытушылары Аршкенова Айгүл Мейрамқызы мен Тұргамбеков Ғалым Мұратұлы Жас натуралистер станциясында «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты акция өткізді. Іс-шарага «Экология» мамандығы студенттері Кәкен Темірлан (Эко-11), және Мағауя Нұржан және Оралбек Жасын (Эко-12к) қатысты. ҚҚЭУ студенттері экологиялық білім беру бойынша ойын түрінде мастер-класс ұйымдастырды.
2016 жылы 28 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдық мерейтойының шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселелері» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияға 68 адам қатысып, оның ішінде – 14 сырттай, ал 54 – тікелей қатысты. Оның 6 магистрант, 44 студент, 11 колледж студенттері мен 7 мектеп оқушылары болды. Конференцияға академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан Тәжік мемлекеттік коммерция мен Белгород мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеттерінің студентерінің қатысқандығын ерекше атаған жөн.
2016 жылдың 2 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Егізбаев С.Қ. МО-31к және МЭ-31к топтарында «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәнінен, «Қазақстанның Орталық Азия және Закавказье республикаларымен қарым-қатынастары» тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізді. Сабаққа «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Қарағанды облыстық дін істері басқармасының арасындағы қабылданған меморандумға сәйкес, басқарма қызметкері Гимадиева Қарлығаш қатысты. Басқарма қызметкері діннің өзекті мәселелері мен діни фактордың Орталық Азия мен Қазақстандағы орнына тоқталып кетті.