• Blog news

«Алихан Букейханов – лидер партии Алаш» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

«Алихан Букейханов – лидер партии Алаш» тақырыбына арналған дөңгелек үстел28.03.2016 ж. «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы» «Алаш Орда» партиясының жарқын лидерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың 150-жыл толуына арналған іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Дөңгелек үстел кафедра оқытушылары мен университеттің барлық мамандықтарының студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында «Великие тайны великих людей» атты бейнеролик көрсетілімге ұсынылды.

«Экология және бағалау» кафедрасы «Орталық Қазақстанда жүзеге асырылып экологиялық жобаларға» платина дәріс өткізді

31 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы «Орталық Қазақстанда жүзеге асырылып экологиялық жобалар» атты платиналық дәріс өткізді.
Дәріс оқыған Қарағанды қ. Экомұражайының жобалар жетекшісі Колгина Ирина. Дәріс тындағандар «Экология» мамандығының 1,2,3 курс студенттері және кафедра оқытушылары.

«AMADEUS» курсы

Жыл сайын университетте «Амадеус» жүйесінде халықаралық жолаушылар авиатасымалын брондау технологиясы» атты курс өткізіледі. Кафедра аталмыш курсы өткізу үшін «Туризм» мамандығының бітіруші курс студенттеріне арнап осы курстың маманын шақырады. Барлық қатысқысы келген студенттер ақылы түрде курсты тыңдап, емтихан тапсыра алады. Биылда «Амадеус» курсы 103 аудиторияда 4-9-ші сәйуір аралығында өтеді. Курсты «Амадеус» оқу орталығының оқытушысы Бажикова Айгерим жүргізеді. Курсты «Туризм» мамандығының Тур-35с,Тур-42, Тур-34 с\к, Тур-41к және РД-42к топтарының қалаған студенттері тыңдауға жазылып, соңында барлығы емтиханды тапсырып, сертификат алды.

«Мерей» қонақүй базасындағы сабақ

«Мерей» қонақүй базасындағы сабақ31-ші наурыз 2016 жылы 12.30-дан 16.00-ге дейін «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доцені Б.Т. Матаева және «Туризм және қонақжай саласындағы көңіл-көтеру қызметін ұйымдастыру, «Мейрамхана және қонақүй шаруашылығы», «МІ және ҚБ менеджменті» курстарын игеру барысында РД-11к, РД-13ск, Тур-21к, РД-31к тобының студенттерімен «Мерей» қонақүй базасында сабақ ұйымдастырды.

«Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өтті

«Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өтті2016 жылдың 30 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» мен «Экономикалық теория және МЖБ» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерей тойына орайластырылған «Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өткізді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL