• Blog news

Абай ауданы бойынша өңірлік-мобильдік тобының ЕҚФ деканы мен студент-волонтерлардың қатысуымен ММ «Абай ауданының білім бөлімінде» кәсібибағдарлық жұмысы.

Абай ауданы бойынша өңірлік-мобильдік тобының ЕҚФ деканы мен студент-волонтерлардың қатысуымен ММ «Абай ауданының білім бөлімінде» кәсібибағдарлық жұмысы.Аталмыш кәсібибағдарлық шарада «Абай ауданының білім бөлімі» ММ-де мектеп бітірушілер алдында ҚҚЭУ-нің ЕҚФ деканы э.ғ.д., профессор Накипова Г.Е., «Жоғарғы математика» кафедрасының аға оқытушысы Омарова М.Т., «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары Кульбаева Б.М., Исанов А.С. және студент-волонтерлар Аманжолова Айсұлу, Карина Анар, Темирханов Имам, Есинбекова Асия, Жиембаева Мадина және Бекетаев Аліби ҚҚЭУ және оның артықшылықтары жайлы ойлармен бөлісті. Шараны өткізу барысында мектеп бітірушілерге оқу орнын толық сипаттап беретін бейне-роликтар, буклеттер ұсынылды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИПДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИПДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Ағымдағы жылдың 7-8 сәуір күні аралығында, Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері арасында VІІІ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы Республика бойынша 8 команда қатысуға ие болған. Аталмыш олимпиада қорытындысы бойынша, «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Абдакимова М.К. жетекшілігімен қатысқан «ОПЭК-11к» және «ОПЭК-41к» тобының студенттері Исаев Айтуар, Қанатұлы Жанайдар, Қуанбықов Сырымбет жүлделі 2 орынға ие болды. Жүлдегер командаға диплом мен сертификаттар, жүлдегер кубогі мен бағалы сыйлықтар және университет ректоры э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов атына алғыс хат берілді.
Барша кафедра ұжымының атынан құттықтай отырып, жүлдегерлерге алдағы байқаулар мен ғылыми ізденістерде мол табыстар тілейміз!

Экология және бағалау» және «Экономика және менеджмент» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «ЭКСПО-2017: бизнес мүмкіндіктері мен «жасыл» инвестиция» атты форум өтті.

Экология және бағалау» және «Экономика және менеджмент» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «ЭКСПО-2017: бизнес мүмкіндіктері мен «жасыл»  инвестиция» атты форум өтті.«Экология және бағалау» және «Экономика және менеджмент» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «ЭКСПО-2017: бизнес мүмкіндіктері мен «жасыл» инвестиция» атты форум өтті. Онлайн режимде Башкирия қатысты.
Форумға қатысқандар Қарағанды облысы экология департаментінің сарапшысы Әлиев Ж.И., Қарағанды облысы экология департаментінің сарапшысы Ибраева М.Б., Қалдықтарды қайта өңдеу зауыты директоры ЖШС TTC Мұқаев Е.К., ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

ҚАРМУ базасында өткен шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиада

ҚАРМУ базасында өткен шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиада2016 ж. сәуір айының 6-8 аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті базасында «Қазіргі қоғамның әлеуметтік—мәдени трансформациясы жағдайында тілдік білім беру» халықаралық ғылыми форум өтті. Форумда 8 елден және 26 таяу және қиыр елдердің ЖОО өкілдері шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты.
Біздің университеттің атынан МО-32 тобынан Шевченко Оксана, Смағұлова Жанар, УА-41к тобынан Абдакимова Әсел, МО-41 тобынан Оразбекова Әйгерім және МО-42 Майдабекова Мәдина. 3 турдың қарытындысы бойынша УА-41к тобының студенті Абдакимова Әсел ағылшын тілінен 3 орынға ие болды. (Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Жунусова А.К.).
Құттықтай отыра, алда басқа да табыстарды тілейміз !!!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында!2016 жылдың 8-ші сәуір күні «ӘЖ және ӘСП» кафедрасы Қарағанды облысының дін істері басқармасы мен Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы дін: этникааралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өкілдері қатысты, соның ішінде: Стерлитамак, Астана, Павлодар, Орал, Алматы қалаларының жоғары оқу орындары.
Қарағанды аймағы бойынша ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚММУ, ОҚА, ҚҚЭУ-нің жас ғалымдары, студенттері, магистранттары қатысты.
Модератор т.ғ.д., профессор, ҚҚЭУ-нің Әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Абилов К.Ж. ҚҚЭУ-де өтіп жатқан конференцияның мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу жұмысының қысқаша мәнін ашып берді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL