• Blog news

Құттықтаймыз!

Алматы технологиялық университетінде 2016 ж. 14-15-ші сәуір аралығында ҚР ЖОО «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Біздің университеттен келесі студенттері қатысты: Наутбаева Умит, Микадзе Лия, Александрович Анна. Жалпы олимпиадаға Қазақстанның әр қалаларынан: Алматы, Астана, Караганда, Атырау, Актобе, Кокшетау, Шымкент, Тараздан келген 10 команда қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ҚҚЭУ студенттерінен құралған команда аға оқытушы Аешова НургульТемиртаевна жетекішілігімен 2-ші орын алып, ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Александрович Анна жеке есепте ІІ-ші дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз әжәне жаңа табыстар тілейміз!

Физика және химия пәндік олимпиада

Физика және химия пәндік олимпиадаТауартану және сертификаттау кафедрасы 15.04.2016 жылы Қарағанды мектептерінің бітіруші сыныптардың оқушылары арасында физика және химия бойынша пәндік олимпиада өткізіді№

Attachments:
Download this file (результаты.docx)результаты.docx13 kB

ҚҚЭУ-де «Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы» мен «Бизнес және құқық экономикасы» колледжі ұйымдастыруымен өтетін Рестораторлар мен отельерлер апталығы

ҚҚЭУ-де «Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы» мен «Бизнес және құқық экономикасы» колледжі ұйымдастыруымен өтетін Рестораторлар мен отельерлер апталығыАпталықтың өту мақсаты: «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығын популяризациялау, ҚҚЭУ түсу үшін колледж студенттерін «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығына профориентациялық жұмыс.
Қатысушылар: «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығын студенттері, Қарағанды қаласының мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі индустриясының өкілдері және Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілдері.
ҚҚЭУ апталықты өткізудің нәтижесі: кафедрамен колледждің, қонақжайлылық индустриясының тәжірибелік жұмыскерлерімен байланысты нығайту, ҚҚЭУ болашақ абитуриенттерді қалыптастыру.

Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті

Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өттіЧернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті. Оның салдарын жоюға 34 000 қазақстандықтар қатысты, олардың 2000 - қарағандылықтар. Қазіргі уақытта, толық емес деректер бойынша, республикада 7000-ға жуық жоюшы-чернобыльдықтар тұрады.
2016 жылғы 13 сәуірде Чернобыль АЭС болған апаттың 30-жылдығына арналған «Чернобыль-Семей ардагерлерінің Қарағанды облыстық одағы» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің ҚЭУ студенттері мен ҚЭБК оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар: Дуда Янис Болеславович – отставкадағы генерал-майор, Малыш Николай Николаевич – Кеңес мүшесі, Баекенов Мейрамбек Каримович – қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Минин Виктор Михайлович – журналист.
Шараның мақсаты - өз өміріне, денсаулығына қауіп төндіре, ядролық қайнаған ортасына тап болып, апаттың салдарын жойған батыл азаматтардың мысалында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Студенттерге Чернобыль апаты туралы фильм көрсетіліп, қонақтар - сол ұмытылмайтын оқиғаның қатысушылары - апат салдарларын қалай жойғандарын, қандай қиындықтардан өткендері туралы айтты.
Студенттер қонақтарға алғыстарын білдіріп, университеттің символикасы бар сувенирлер мен гүл шоқтарын сыйлады.

«Инновациялық университетке – жасампаз ойшыл студенттер!» атты Ашық есіктер күні!!!

«Инновациялық университетке – жасампаз ойшыл студенттер!» атты Ашық есіктер күні!!!2016 жылдың 8 сәуірінде университет қабырғасында ҚЭУ 50-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қ. және Қарағанды облысы мектептері мен колледждерінің түлектері үшін «Инновациялық университетке – жасампаз ойшыл студенттер!» атты Ашық есіктер күні өтті.
Сонымен қатар, «Астана - Жастары» Жастар ресурстық орталығының жетекшісі, белгілі қазақстандық актер, музыкант, продюсер Ануар Нурпеисовпен кездесу өтті, бұл кездесу «Табыстылықтың 11 элементі» ынталандыру тренинг үлгісінде жүргізілді. Қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.
Бағдарламаның алдында 2 флешмоб, ҚЭУ туралы викторина және университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Ашық есіктер күнін ұйымдастыруға ЖДД және ҚОКСФ қызметкерлері, кәсіби бағдар бойынша кафедрада жауапты оқытушылары, факультеттердің студенттер-волонтерлері қатысты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL