ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!

ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!

ENACTUS KEUK командасының қатысушылары - Болсынов Жалғасхан, Райымханова Зарина, Жолдыбай Алтынай, Оразбекова Алина 2018 жылдың 17-22 тамызы аралығында бастап «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысты. ENACTUS KEUK студенттері «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагері аясындағы кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, жобаларды басқару, бизнес-инновациялар бойынша оқу оқуға мүмкіндік алды. Осы іс-шараның 10 ұйымдастырушысының бірі біздің команданың капитаны Ю-42 тобының студенті, Болсынов Жалғасхан болды. Жазғы лагерге Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан 200-ден аса белсенді студенттер қатысты. Командамыздың атынан Enactus Kazakhstan-ға ірі іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшесі және Enactus Reading club жетекшісі Азамат Утеновке конкурстарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Лагерге қатысу үшін 3 грант ұтып алдық, осыған байланысты біздің студенттеріміз бұл іс-шараға тегін қатысты. Және, әрине, КЭУК ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Ерқара Балқараұлын, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, стратегиялық және инновациялық даму бойынша, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Гульмира Ермековнаны және «Enactus-KEUК» халықаралық бағдарламасының эдвайзері экономика ғылымдарының докторы, профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевнаны осындай іс-шараларға қатысу мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреміз.

 

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ: ЖАҢА МҮДДЕЛЕР, ҚОЗҒАЛУ ВЕКТОРЛАРЫ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ»

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ: ЖАҢА МҮДДЕЛЕР, ҚОЗҒАЛУ ВЕКТОРЛАРЫ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ»

2018 жылдың 18-19 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында ҚР ҰКП Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы мен «Кооперация» Желілік университетінің қолдауы жағдайында қазақстандық және шет елдік зерттеушілердің қатысуымен: «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ: ЖАҢА МҮДДЕЛЕР, ҚОЗҒАЛУ ВЕКТОРЛАРЫ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ».

Конференция бағдарламасында сондай-ақ келесі арнайы ғылыми іс-шаралар көзделген:
1. «Жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтардың алдын алудың ұйымдық, құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа да аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция»
2. «Төртінші өнеркәсіптік революция: жас ғалымдардың үлесі» атты Жоғары оқу орындары аралық жастар форумы.

Анадолу университетінің (Түркия) халықаралық қатынастар факультетінің PhD, профессоры Неджат Доганның дәрісі

Анадолу университетінің (Түркия) халықаралық қатынастар факультетінің PhD, профессоры Неджат Доганның дәрісі

2018 жылдың 3-28 қыркүйегі аралығында Анадолу Университетінің (Түркия) Халықаралық қатынастар факультетінің PhD, профессоры Неджат Доган Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының студенттеріне «Халықаралық қатынастарға кіріспе» тақырыбында қонақ дәрістерін өткізеді.

Бухарест экономикалық ғылымдар университетінен (Румыния) шақырылған профессорының қонақ дәрісі

Бухарест экономикалық ғылымдар университетінен (Румыния) шақырылған профессорының қонақ дәрісі

2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында Бухарест Экономикалық Университеті (Румыния) халықаралық бизнес және экономика факультетінің доценті, PhD профессоры Роксана Войку-Доробанку Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының студенттеріне «Халықаралық келіссөздер» тақырыбында дәріс оқитын болады.

Академиялық күнтізбе

Attachments:
Download this file (2024-2025 оқу жылына  ҚБТ қолданумен күндізгі оқу түріне арналған академиялық күнтізбе (бакалавриат).pdf)2024-2025 оқу жылына ҚБТ қолданумен күндізгі оқу түріне арналған академиялық күнтізбе (бакалавриат).pdf66 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, 2 курс, 2022-2023 о.ж. қысқы қабылдауы,  2024-2025 о.ж. арналған.pdf)Акад. күнтізбе, 2 курс, 2022-2023 о.ж. қысқы қабылдауы, 2024-2025 о.ж. арналған.pdf555 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1 курс, 1 ж., 2024-2025 о.ж..pdf)Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1 курс, 1 ж., 2024-2025 о.ж..pdf739 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1 курс, 1,5 ж., 2024-2025 о.ж..pdf)Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1 курс, 1,5 ж., 2024-2025 о.ж..pdf775 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1 курс, 2023-2024 о.ж. қысқы қабылдауы,  2024-2025 о.ж. арналған.pdf)Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1 курс, 2023-2024 о.ж. қысқы қабылдауы, 2024-2025 о.ж. арналған.pdf524 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1,5 ж., 2 курс, 3 семестр, 2024-2025 о.ж..pdf)Акад. күнтізбе, Бейіндік, 1,5 ж., 2 курс, 3 семестр, 2024-2025 о.ж..pdf532 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, Стратег. менеджмент, МВА, 1-2 курс, 2023-2024 о.ж. қысқы қабылдауы,  2024-2025 о.ж. арналған.pdf)Акад. күнтізбе, Стратег. менеджмент, МВА, 1-2 курс, 2023-2024 о.ж. қысқы қабылдауы, 2024-2025 о.ж. арналған.pdf736 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, ҒП, 1 курс, 2024-2025 о.ж..pdf)Акад. күнтізбе, ҒП, 1 курс, 2024-2025 о.ж..pdf785 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, ҒП, 1-2 курс, 2023-2024 о.ж. қысқы қабылдауы,  2024-2025 о.ж. арналған.pdf)Акад. күнтізбе, ҒП, 1-2 курс, 2023-2024 о.ж. қысқы қабылдауы, 2024-2025 о.ж. арналған.pdf746 kB
Download this file (Акад. күнтізбе, ҒП, 2 курс, 2024-2025 о.ж..pdf)Акад. күнтізбе, ҒП, 2 курс, 2024-2025 о.ж..pdf725 kB
Download this file (Академический календарь на 2024-2025 учебный год очная форма обучения с применением ДО (бакалавриат).pdf)Академический календарь на 2024-2025 учебный год очная форма обучения с применением ДО (бакалавриат).pdf64 kB
Download this file (Академиялық күнтізбе, Стратегиялық менеджмент, МВА, 1 курс, 2024-2025 оқу ж..pdf)Академиялық күнтізбе, Стратегиялық менеджмент, МВА, 1 курс, 2024-2025 оқу ж..pdf726 kB
Download this file (Академиялық күнтізбе, Стратегиялық менеджмент, МВА, 2 курс, 2024-2025 уч.г..pdf)Академиялық күнтізбе, Стратегиялық менеджмент, МВА, 2 курс, 2024-2025 уч.г..pdf686 kB

Магистратура мен докторантураға түсушілердің назарына!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті біздің ЖОО-на мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді даярлауға 52 орын көлемінде магистратураның 12 мамандығы бойынша: «Құқықтану», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жерглікті басқару», «Маркетинг», «Ақпараттық жүйелер», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Стандарттау және сертификаттау», «Туризм», «Бағалау», сондай-ақ докторантураның 3 мамандығы бойынша: «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жерглікті басқару» 14 орын бөлінгенін хабарлайды.
Магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша 44-15-88, 44-16-24, 44-16-34 (қос. 199) хабарласуға болады.
Біздің мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі, 264 кабинет. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті.

Милан-Бикокка университеті(Италия) профессорының сапары

Милан-Бикокка университеті(Италия) профессорының сапарыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Милан-Бикокка (Италия) университетінің ассоц. профессоры, Компьютерлік ғылымдар, жүйелер және коммуникациялар департаментіндегі (DISCo) Bis-Lab ақпараттық қауіпсіздік лабораториясының негізін қалаушылардың бірі, компьютерлік ғылымдар саласындағы PhD Альберто Оттавио Лепорати болып қайтты.
Сапар барысында шет елдік мейман университет ректорымен кездесті, университеттің қызметі мен материалды-техникалық базасымен, соның ішінде Қашықтықтан оқыту орталығы мен Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының лабораторияларымен, Студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты. ІТ саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ІТ-мамандар даярлау сұрақтары мен болашақта бірігіп атқарылатын іс-шаралар бойынша Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен ақпараттық қауіпсіздік лабораториясын құру бойынша жұмыс тобының қатысуымен отырыстар өткізілді.

Талапкерлердің назарына !

Талапкерлердің назарына !Мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 28-ші шілдесіне дейін ұзартылды. Қарағанды экономикалық университетінің қабылдау комиссиясы: Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Телефондар 8(7212) 44-15-72, 44-15-68

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы2018 жылдың 30 маусымында Қарағанды экономикалық университетінің Этнографиялық сән театры Астана қаласында өткен «Kөшпенділер әлемі» атты түркі халықтарының бірінші халықаралық фестиваліне қатысты. «Kөшпенділер әлемі» дәстүр, тарих, бірлік пен көшпелі мұра рухын сақтауда маңызды рөл атқарады. Фестивальға көшпенділердің бірегей мәдениетін көрсетуге Венгрия, Болгария, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия мен Қазақстан топтары келді. Қыздарымыздың ерекше және әсем бейнелері әртүрлі елдерден келген қатысушыларға, БАҚ, «Qazaq Geography» және «Kazakh Tourism» ұйымдарына, фестиваль қонақтары мен іс-шара ұйымдастырушыларына керемет әсер қалдырды. Қазақстандық БАҚ біздің костюмдеріміз туралы «Қазақстандық сұлулардың қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ұлттық түс элементтерімен әзірлеген дизайнерлік көйлектері сол уақыттың рухын жеткізе алды», - деп жазады. Таңқалған шетелдік және қазақстандық қонақтар әр киімнің дизайны мен тарихына қызығушылық танытты және суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты.

Пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің жаңа тәсілдері

Пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің жаңа тәсілдері2018 жылдың маусым айының соңында Көптілді білім беру орталығында көптіліді оқытушылар үшін «Пәндерді ағылшын тілінде оқытудағы CLIL әдіснамасы мен практикасы» тақырыбы бойынша семинар өтті. Бүгінгі таңда көптеген елдердегі білім беру мекемелері CLIL әдіснамасын іс жүзінде қолданады. Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылары ағылшын тілінде белгілі пәндерді жүргізеді, бұл тек кәсіби мамандарды емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін мамандарды да дайындауға мүмкіндік береді. Семинарда біріктірілген пәндік-тілдік оқытуды қолданудың негізгі мәселелері, оның қағидалары, аспекттері мен артықшылықтары талқыланды. Тәжірибелік бөлімде пәлсапаны ағылшын тілінде оқыту әдістемесі көрсетілді.

Тілдерді білу - табысқа жетудің кілті!

Тілдерді білу - табысқа жетудің кілті!2017-2018 оқу жылының соңында Көптілді білім беру орталығы ағылшын тілі тындармандарына - ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері - емтихандарды сәтті тапсырып, тиісті деңгейде оқып шыққан туралы сертификаттар тапсырды. Тілдерді үйрену үшін көп уақыт пен шыдамдылық, күш пен жігер талап ететінін ескере отырып, ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері өздігінен тәртіп және жауапкершілік танытып жеңіске жетті. Орталық сондай-ақ «Үздік тындарман» атты марафонды жариялаған болатын, нәтижесінде 11 оқытушы мен қызметкерлерге үздік сертификат берілді. КБО барлық тыңдаушыларды құттықтайды және жаңа оқу жылында күтеді!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL