Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчто Вълчев доцентінің дәрістері

Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчто Вълчев доцентінің дәрістері2018 жылдың 8 қазан мен 2 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері үшін Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчо Вълчев PhD, доценті «Жеке тұлғаның әлеуметтік жұмыс істеуінің коммуникативтік аспектілері және негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқиды.

Бірінші курс студенттерімен кездесу

Бірінші курс студенттерімен кездесуБіздің университетіміздің оқытушылары білім беру процесін ұйымдастыруда жатақханаларда тұратын студенттермен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Сонымен, «Жалпы құқық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Адильбекова К.К. бірінші курс студенттерімен кездесу өткізіп, олармен патриоттық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін талқылады. Пікірталас барысында пікір алмасу ғана емес, сонымен бірге студенттердің бір-бірімен жақынырақ өзара қарым-қатынаста болуы, студенттер бір-бірімен жақсы танысып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беріледі.

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы2018 жылдың қыркүйектің 21-ші күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді.
Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты.
Қорытындылар:
Жеке есепте (қыздар):
I орын – Лисичкина Варвара
II орын – Шаязданова Дана
III орын – Катаева Виктория
Жеке есепте (ұлдар):
I орын – Бондарь Андрей
II орын – Әбдір Жарас
III орын – Алимхан Еламан
Командалық есепте (қыздар):
I орын –Экономика, бизнес және құқық колледжі
II орын –Экономика және басқару факультеті
III орын – Бизнес және құқық факультеті
Командалық есепте (ұлдар):
I орын – Бизнес және құқық факультеті
II орын – Экономика, бизнес және құқық колледжі
III орын – Есеп-қаржы факультеті

«Magnum Cash & Carry» аумағында сабақтар

«Magnum Cash & Carry» аумағында сабақтар

"Маркетинг және логистика" кафедрасының оқытушылары Лесов Д. Д. және Томашинова А. Е. есеп-қаржы факультетінің Лог–42, Лог–43, МК–42 топтарының студенттерімен "Magnum Cash & Carry" аумағында көшпелі сабақ өткізді.
"Magnum Cash & Carry" әкімшілігі тауардың сөрелерге қалай жеткізілетінін, оны қайда және қалай сақтайтынын көрсетті. Студенттер коммерциялық логистика, тарату логистикасы және мерчендайзинг негіздері саласында өздерінің теориялық білімдерін толықтыра алды.

Ягеллон университетінің (Польша) қауымдастырылған профессоры Мачей Течкенің арнайы дәрісі.

Ягеллон университетінің (Польша) қауымдастырылған профессоры Мачей Течкенің арнайы дәрісі.

2018 жылдың 1 мен 30 қазан аралығында Қарағанды экономикалық университетіне Ягеллон университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Мачей Течке іс сапармен келеді.
Профессор «Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған «Стратегиялық менеджмент» атты дәрістер курсын оқиды.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдерімен кездесу бойынша Есеп

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілдерімен кездесу бойынша Есеп

Студенттерді мемлекеттік құрылымға тарту үшін 03.10.18г. Стратегиялық даму департаменті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы Гүлжанат Қынаевна Ахметова және осы бөлімнің жетекші маманы Жанна Досмұхамбовамен кездесу өткізді.
Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері Департаменттің негізгі қызметін көрсетті және мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндірді.

Жастар арасындағы еріктілер

Жастар арасындағы еріктілер«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының аға оқытушысы Бадел А. Б. КЭУ-дің №4 жатақханасында «Жастар арасындағы еріктілер» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еріктілер тобының мақсат-міндеттері және жастар арасында еріктілер рөлін арттыру мәселесі талқыланды.

Абай қаласындағы жемісті кәсіби бағдарлық жұмысы.

Абай қаласындағы жемісті кәсіби бағдарлық жұмысы.2018 жылдың 3 қазанында «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. Абай қаласында мектеп және колледж түлектері үшін кәсіби бағдарлық іс-шарасын өткізді.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп және колледж түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Өткізілген кәсібибағдарлық іс-шараның жемісі ретінде аталмыш мектептің және колледждің түлектері ҚҚЭУ қабырғасында экскурсияға келуге қызығушылық танытты. Экскурсия қазан айына жоспарланған.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар..

ҚХА-ның ғылыми-эксперт тобының отырысы

ҚХА-ның ғылыми-эксперт тобының отырысыҚарағанды облысы Қазақстан халық Ассамблеясының ғылыми-эксперт тобының мүшелері «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының доценті Әбдіәкімова М. К. және прфессоры Клишина М.В. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР жаңа заң жобасының және ҚХА-ның «Қазақтану» жобасын жүзеге асыруын талқылауға қатысты.
Отырыста қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобаларды марапаттау болды. Үздік бағаланған жұмыстардың ішінде ф.ғ.к., профессор Клишина М.В. да болды.

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы2018 жыл 25 қыркүйекте Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы М. А. Алпысбаеваның жетекшілігімен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерімен бірлесіп «Кредо» кеңес беру орталығында көшпелі сабақ ұйымдастырылды (Теміртау қ.). Сабақ барысында студенттер Кеңес беру орталығының негізгі жұмыс бағыттарымен, орталықтың пациентерімен әлеуметтік қызметкердің жұмыс істеу бағыттарымен, қарт адамдар сондай-ақ Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы балаларымен психоәлеуметтік жеке жұмыс жасау негіздерімен танысты.
«Кредо» кеңес беру орталығының мақсаты – қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік жағынан демеу.
Бүгінде орталық «1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға арнайы қызмет көрсету» бойынша әлеуметтік жобаға тапсырыс аясында жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты үлкен жастағы адамдардың мүмкіншіліктерін психоәлеуметтік жұмыстарға және балалар тәрбиесінде пайдалану.

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды экономикалық университетінде "Маркетинг және логистика" кафедрасының шақыруы бойынша "Маркетинг" және "Логистика" ОП студенттеріне арналған Flip.kz интернет-дүкенінің маркетинг бөлімінің бастығы, КЭУ түлегі Абрамова Наталья Юрьевна платиналық лекциясы өтті.
Интернет-дүкен Flip.kz Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша логистиканың жеке жүйесі бар көшбасшы онлайн-ритейлерлердің бірі болып табылады.
Наталья Юрьевна онлайн - сауданың қазіргі заманғы трендтері, интернет ресурстары жұмысының тиімділігін бағалау әдістері туралы әңгімеледі. Студенттердің интернет - ресурстар арқылы тауарларды жылжыту, маркетинг бөлімдерінің жұмысы және осы компаниядағы жұмысқа орналасу мүмкіндігі мәселелерінде ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша КЭУ және "Flip.kz" интернет-дүкен арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, студент тәжірибеден өтуге, ал оқытушылар тағылымдамадан өтуге шақыру алды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL