«Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы қаржылық, басқару есептеріндегі және аудиттегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы жобаларды талқылау
2019 жылдың 27 ақпанында сағат 14.00 университет қабырғасында «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға арналған жоспарға сай кезекті шара өткізілді. Отырыста еліміздің кәсіпорындарының қаржылық және басқару есептерінде кездесетін өзекті мәселелер төңірегінде зерттелген «Есеп және аудит» білім бағдарламасындағы студенттердің жоба, баяндамалары қарастырылды.